Атырау, 22 желтоқсан 23:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ТШО БКЖ жұмысшыларын қайтаруды жалғастыруда

3 635 рет қаралды

Теңіз кен орнындағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, карантин шектеулері толық көлемде сақталып отыр. ТШО мен мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлері маска тағуға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және өзін-өзі оқшаулауға міндетті деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазір ТШО жүргізген ПТР-тестілердің саны 103 000-нан асты. Пандемияның екінші толқынына дайындық аясында ТШО қызметкерлері мен мердігер мекемелер үшін оқшаулау объектілері дайындалды, атап айтсақ: 380 орындық уақытша инфекциялық аурухана, науқаспен жақын байланыста болғандар үшін 800 оқшаулау орны, сондай-ақ, Теңізде 79 провизорлық (ПТР нәтижесін күтуге арналған) және Атыраудағы ауру белгісі байқалмайтын инфекция жұқтырған науқастар үшін 145 орын бар.

1 қыркүйектен бастап ТШО өндірістік қызметті қауіпсіз әрі үздіксіз жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде жұмыстарды кестеде белгіленген мерзімде орындау үшін қызметкерлерді қайта жұмылдыруға кіріскенін осыдан бұрын хабарлаған едік.

Компания қайта жұмылдыру кезең-кезеңмен, барлық талаптар мен ережелерге сәйкес және Теңіз кен орны мен елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырылатынын нақты жеткізді.

ККЖ-ны аяқтау және қазақстандық қызметкерлерді қысқарту туралы «АЖ» сұрағына жобада көзделген кестеге сәйкес жұмыс күшін қауіпсіз демобилизациялауды қамтамасыз ету мақсатында компания мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бүгінгі күні ККЖ-ҰЕҚБЖ 79%-ға аяқталды, деп қысқаша жауап берді ТШО-дағылар. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

24 қазан 2020, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.