Атырау, 19 наурыз 16:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Велосипед жолын ойып алған кім?

Сурет Бейнежазба
2 813 просмотра

Атырауда қала тұрғындары әлеуметтік желіде  Жастар саябағындағы жаңадан салынған велосипед тебуге арналған жолды біреу кескіндеп ойып алған деп бейнежазба мен сурет таратты. Бейнежазба авторы бұл біреудің бұзақылық әрекеті болуы мүмкін деген болжам айтты.

Ал оны жобаның мердігері жолды жарып шыққан арамшөпті алып тастау үшін ойып алған екен.

- Жастар саябағындағы веложолда асфальттың астынан арам шөп өскесін жол кедір-бұдыр болып кетті. Қазір мердігер мекеменің қызметкерлері арамшөптерді ойып алып, орнына оларды өсірмейтін арнайы ерітінді құйып, бетіне асфальт (құрлыс сылағы емес) төсеп тастаған. Бұл жағдайды бақылауға алу үшін жасалған  жұмыстар. Алдағы уақытта осы табиғи құбылыс қайталанған жағдайда жобалау мекемесінің ұсынысы негізінде нақты шаралар атқарылатынын қаперіңізге береміз, - деп жауап берді «АЖ» сауалына облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның тапсырыс берушісі – облыстық құрылыс басқармасы, ал мердігері – «БатысАльянсСтрой» ЖШС.

Бұрын көктемде осындай жағдай Водников, Жаңаталап-1, Атырау-1 ықшамаудандарында орын алды. Онда жолды салған «АтырауИнжСтрой» компаниясы еді.

Ол кезде жаңа асфальт түгелдей көтеріліп, кедір-бұдыр болып кеткен-ді. Астында түйенің жейтін жантағы қаптап кетті, ал қала  тұрғындарының сөздік қорында «тургор» сөзі  пайда болды. Жаңа төселген асфальттың бүлінгенін осы жантақтың қаптап кеткенімен түсіндірген еді мекемеде. Сонда АИС жолды қорғау және өсімдіктермен күресу үшін геомембрана қолдануды ұсынды. Ол  арамшөптің өсіп, асфальтты жарып шығып кетуіне жол бермейтін синтетикалық қаптама.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

26 қазан 2020, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.