Атырау, 17 мамыр 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Атырауда «армян» көлігінің жүргізушісіне миллион теңгеге айыппұл салынды

5 243 просмотра

Атырауда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында миллион теңгеден астам айыппұл «жинаған» армян нөмірін таққан BMW автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

«Армян» көлігінің жүргізушісі 55 рет жол ережесін бұзған, оның ішінде бірнеше рет жылдамдықты арттырған. Оның жолда ереже бұзған барлық әрекеті қаладағы автокөлік қозғалысын бақылайтын «Кордон М-2» және «Кордон М-4» кешенді бейнекамераларына тіркелген. Нәтижесінде жиналған айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 83 мың теңгені құрады.

Ал, ВАЗ-21144 автокөлігінің жүргізушісіне 40 рет жылдамдықты арттырғаны үшін 666 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Осы екеуінің қасында ереже бұзған басқаларының айыппұлдары қарапайым көрінеді. Ресейлік нөмірі бар ВАЗ-2114 жүргізушісі жолда 28 рет жылдамдықты асырып, мойнына 494 мың теңге айыппұл тақты. ВАЗ-2108 иесінің мойнына 333 мың теңгеден астам айыппұл ілінген.

- Патрульдік полиция қызметкерлері айыппұлды уақытында төлемеген тағы 37 көлік иесін тоқтатты. Барлық автокөлік құралдары айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ПД.

Фархат ӘБІЛОВ

23 қазан 2020, 04:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.