Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ауыл мектебінің есепшілері 50 млн теңге иемденіп алған

3 469 рет қаралды

Махамбет ауданы Сарытоғай ауылындағы Қалыбеков атындағы орта мектептің есепшілері үш жыл ішінде 50 миллион теңге иемденіп алған.

Бас есепші мен есеп айырысу бухгалтері мектеп қаржысын өздерінің, туысқандарының және таныстарының жеке шоттарына аударған.

Ол үшін олар «Казначейство-клиент» ақпараттық жүйесінде ЭЦҚ пайдаланып, қашықтан мектептің төлем құжаттарына қол қойып отырған.

Бұл Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы аудит жүргізген кезде  анықталды.

Тексеру комиссиясының төрағасы Нариман ТАУШОВТЫҢ хабарлауынша, жинақталған материалдарды тергеу жүргізу үшін жемқорлықпен қарсы күрес қызметіне жолданды. Сот есепшілерді ҚР ҚК 189 бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену) бойынша кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазір ұрланған ақшаның 25 миллион теңгесі бюджетке кері қайтарылды. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

22 қазан 2020, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.