Атырау, 28 наурыз 14:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ескі қалада саябақ пен Достық үйі салынады

5 694 просмотра

Атырауда ескі қаланың аумағында саябақ пен Достық үйінің құрылысы жоспарлануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін «АЖ» сүрілген үйлердің орнына Тұңғыш Президент саябағы, тутұғыр, Достық үйі, ХҚКО, мұражай және мектеп салынатынын хабарлаған еді.

Құрылыс басқармасының бастығы Мерей ЖАНТӨРЕЕВТІҢ айтуынша, бұл нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әлі дайын емес, сондықтан құрылыстың мерзімі туралы айтуға әлі ерте.

- Болашақ саябаққа Тұңғыш президенттің есімі беріле ме, әлде басқа ма, бізге әлі белгісіз, - деді Мерей Жантөреев.

Салынып жатқан тутұғырдан солтүстікке қарай орман-саябақ салуға 4 гектар жер телімі бөлінген.

Осы жерде 6 млрд теңгеге жаңа ХҚКО құрылысына қатысты жобаны билік алып тастаған. ХҚКО-ның бас кеңсесі жақында Сәтпаев даңғылынан Нұрсая ықшам ауданындағы 1,3 млрд теңгеге сатып алынған 6 қабатты ғимаратқа көшті.

Құрылыс басқармасында хабарлағандай, қазір ескі қала паркінің маңында салынатын жаңа Достық үйінің ЖСҚ әзірленуде.

Құлманов көшесіндегі Достық үйінің жұмыс істеп тұрған ғимараты 2014 жылы ашылғанын, оның жөнделуі мен қайта жоспарлануына облыстық бюджеттен 170 млн теңге бөлінгенін айта кеткен жөн.

Жаңадан Достық үйін салу идеясын Атырау облысының сол кездегі әкімі Нұрлан Ноғаев 2016 жылы ұсынған болатын.

- Бұл орталықтар үшін барлық қажетті кабинеті, хореографиялық залдары, шеберханасы, лингафондық кабинеті бар, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады, - деп мәлімдеді әкім Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясының отырысында.

Шенеуніктер жаңа ғимарат салу қажеттілігін Достық үйінің қазіргі ғимараты типтік құрылысқа сәйкес келмейді және сот  дауына айналғандықтан деп түсіндіреді. 

Айнұр САПАРОВА

22 қазан 2020, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.