Атырау, 5 желтоқсан 22:48
 ашық В Атырау -10
$ 420.79
€ 511.98
₽ 5.67

Өзбек мигранттары Қазақстан арқылы өту үшін рұқсат күтіп отыр

744 рет қаралды

Астрахань облысында Ресей-Қазақстан шекарасында көліктерімен тұрып қалған екі жүзден астам Өзбекстан азаматтары әлі күнге дейін өз Отанына орала алмай отыр.

Адамдар 20 күнге жуық уақыттан бері ашық аспан астында өмір сүруде, көліктерінде немесе көшеде ұйықтайды, көлге жуынады. Көпшілігі балаларымен келген, кейбірін көрші ауыл тұрғындары паналатқан. Оларға еріктілер мен жергілікті өзбек диаспорасы қолдау көрсетуде.

Астрахань өзбек мәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі «Өзбекстан» қоғамдық ұйымының төрағасы Баходир АМИНОВТЫҢ айтуынша, олар Өзбекстанның Ресейдегі дипломатиялық миссиясынан мигранттарға қатысты жағдайды шешуді сұраған.

- Өзбекстан билігі Қазақстандағы әріптестерімен өз азаматтарына «жасыл дәліз» ашу туралы келісімге келсе, жақсы болар еді, - дейді Астраханьдағы өзбек диаспорасының жетекшісі.

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам НИЯЗХОДЖАЕВТЫҢ «АЖ»-ға хабарлауынша, олар Астрахань шекарасындағы жағдайды бақылауда ұстап, мигранттардың Атырау және Маңғыстау облыстары арқылы өтуі үшін Қазақстаннан рұқсат күтіп отыр.

- Біз ресейлік әріптестерімізбен және қиын жағдайда қалған азаматтармен байланыстамыз. Олардың барлығын автобуспен шығару мүмкін емес, ол жерде 200 машинада 300-ге жуық адам бар. Біз Қазақстанның тиісті органдарына хат жолдадық, бірақ әзір жауап жоқ. Осы уақытқа дейін Өзбекстан азаматтары үшін пойызбен және ұшақпен елден шығару үшін арнайы рейстер ұйымдастырылды, - деді елші.

Ресейлік шекарашылар, егер қазақстандық тараптан рұқсат болса, мигранттардың көліктерін өткізуге дайын екендігін мәлімдеді. Бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан билігі өз азаматтарын автобуспен немесе ұшақпен шығаруға міндетті деп мәлімдеген еді. Карантиндік шараларға байланысты жеке көлікпен Қазақстан аумағынан өтуге рұқсат жоқ.

Фархат ӘБІЛОВ

26 қазан, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.