Атырау, 27 сәуір 06:21
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Астрахань шекарасында жүздеген өзбек мигранттары жиналып қалды

2 678 просмотра

Өзбекстаннан 130 автокөлікпен келген 200-ден астам мигрант Қазақстан-Ресей шекарасында, Астрахан облысының Красноярск ауданындағы «Қараөзек» өткізу бекетінің маңында жиналып қалды.  Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан коронавирус пандемиясына байланысты өз аумағына автомобиль көлігінің кіруіне тыйым салған болатын.

Астрахан облысы губернаторының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бір нұсқа бойынша әлеуметтік желіде еңбек мигранттарына Қазақстан арқылы өз еліне автокөлікпен өтіп кету туралы әдейі жалған ақпарат таратылуы мүмкін.

– Шекарадан заңды түрде тек Мәскеу, Ростов, Санкт-Петербургтен арнайы рейспен және Волгоград облысындағы Волжская станциясынан теміржол көлігімен өтуге болады, - деп мәлімдеді губернатордың баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Астрахан облысы үкіметінің төрағасы Александр ШАРЫКИН федералды, облыстық, муниципалды билік органдарының және өзбек диаспорасының өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жиында «Қараөзек» өткізу бекетінде жиналған Өзбекстан азаматтары құрылыс саласында немесе такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, Мәскеуден және Ресейдің басқа орталық қалаларынан келгені анықталды.

«АЖ» ақпаратына сәйкес, мигранттар арасында 3 айдан 10 жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмаған балалар бар.

Адамдар далада отқа тамақ дайындап, көлікте ұйықтап, туыстарымен телефон арқылы байланысқа шыға алмай отыр. Кері қайтуға  ақшалары жоқ.

Ресей СІМ-нің Астрахань облысы аумағындағы өкілі Өзбекстан елшілігіне тиісті нота жіберу ниеті туралы хабарлады.

Өз кезегінде Роспотребнадзорға, жергілікті билік пен ішкі істер органдарына заңдылықты қамтамасыз етуді және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге тапсырма берілді, - деді губернатордың баспасөз қызметі. - Бұдан басқа, Астрахан облысы аумағында еңбек мигранттарының заңсыз тұру бекетін құру әрекетін болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті түсірген Әлия ЖӘМИТОВА

21 қазан 2020, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.