Атырау, 23 сәуір 21:28
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасында жаңа басшы

3 783 просмотра

Асхан Байдуалиев Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар кызметі.

Бұған дейін ол денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болған.

Асхан Байдуалиев - дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.

Асхан Байдуалиев - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі, еңбек жолын урология және жіті нефрология кафедрасының ассистенті болып бастады. Алматы облысы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығының басшысы болды. С.Ж.Асфендияров  атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі департамент директоры қызметін атқарды. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. 

Еске сала кетейік, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров өз еркімен орнын босатқан болатын.

22 қазан 2020, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.