Атырау, 22 желтоқсан 15:27
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы қатаң сөгіс алғаннан кейін қызметтен кетуді ұйғарды

4 652 просмотра
Нурлыбек КАБДЫКАПАРОВ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ  орнынан өз еркімен босатуға өтініш берді.  

«Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровқа қызметтік міндетін тиісті атқармағаны үшін бірнеше себептермен қатаң сөгіс жарияланды. Олардың ішінде COVID-19-бен күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырудағы, инфекция жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұйымдастырудағы, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өңірдің медицина мекемелерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етудегі кемшіліктер бар, - деп «АЖ» сауалына облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді. - Ол бұл мәселелер бойынша түсініктеме жазып, кейін өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берді.

Еске салсақ, 50 жастағы Н.Қабдықапаров осы жылдың мамыр айының басында денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды, содан кейін «м.а.» дегені алынып қалды. Бұл лауазымды қызметке  ол толық емес, бірақ, ең ауыр 4 ай бойы облыс медицинасына жауап берген Байтолла ҒАЗИЗОВТЫҢ орнына келді.

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып Асхан БАЙДУВАЛИЕВ тағайындалды – бұған дейін ол ай жарым  уақыт басшының орынбасары қызметін атқарды. А.Байдувалиев 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы облысындағы Қарасай аудандық ауруханасын, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқарып, кейін Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығында басшылық етті. Одан кейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

6 қазан 2020, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.