Атырау, 24 сәуір 11:10
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Теңізге жұмысқа оралды

2 836 просмотра

Коронавирус пандемиясына байланысты жұмыссыз қалған Жылыой ауданының 600 тұрғыны қайтадан Теңіз кенішіне жұмысқа орналасты. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қайрат ОМАРОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, аудан әкімдігі жұмыссыздардың тізімін беріп, ТШО және мердігер мекеме басшыларымен кеңес өткізеді. Жақында жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарына хабарласпай, әлеуметтік желі арқылы бос жұмыс орындарына жұмысшы іздегені белгілі болды.

- Осыған байланысты біз тексеру жүргізу үшін еңбек инспекциясына хат жолдадық. Сонымен қатар, жұмыстан босатылған азаматтар үшін әлеуметтік желіде парақшалар мен «жедел желі» аштық, - деді ол.

Бұдан бөлек, Жылыой ауданының әкімдігі жыл басында 57 мердігер мекемемен жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша меморандумға қол қойды. Тағы 550 жұмыс орнын құру жоспарланған, қазір 200-ге жуық адам жұмысқа орналасты. Омаровтың айтуынша, қалғандарын жыл соңына дейін жұмысқа орналастыру үшін келісім жасалуда.

Белгілі болғандай, Жылыой ауданында жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 1 қазанда 30%-ға өсті. Бөлімде барлық тіркелген жұмыссыздар әлеуметтік төлем алады деп сендірді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

21 қазан 2020, 23:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.