Атырау, 26 сәуір 20:43
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Шабақты жапқаннан сатқан тиімді

2 867 просмотра

Жыл басынан бері атыраулық балықшылар 7 312 тонна балық аулап, оның басым бөлігі шетелге экспортталды. 

Бұл туралы брифинг барысында облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКОВ мәлімдеді.

Қазір 6500 тонна ауланған балық өңделіп, 5900 тоннадан астам шетелге: Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Израиль және т.б. елдерге экспортталды.

Неліктен өндірістік кооперативтер балықты терең өңдеумен айналысқысы келмей, тек оны тұздап, шетелге жіберуді жөн көреді деген журналистердің сұрағына жауап бере отырып, А.Сәдібеков бұл мемлекеттік субсидиялаудың болмауына байланысты деді.

Егер мал өсірушілер көлік құралдарын, отынды, жемді сатып алу үшін белгілі бір субсидия алса, балықшылар қымбат жүзу құралы мен балық аулау құралдарын өздері сатып алуға мәжбүр.

- Бұл ретте мемлекет біздің балықшыларға қаржылай қолдау көрсетпейді, ал балық аулау кооперативтерінің көпшілігінде халықаралық нарықта бәсекеге түсе алатындай балықты терең өңдеуге және балық өнімдерін өндіруге арналған жабдықты сатып алуға қаражат жоқ, - деді Сәдібеков.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 қазан 2020, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.