Атырау, 17 сәуір 00:31
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Депутат та Ленин сияқты ғылымға жаны ашиды

2 839 просмотра

Жер қойнауын пайдаланушылар елдің ғылыми әлеуетін дамыту бойынша өз міндеттемесін орындағысы келмейді, деп мәлімдеді Сенаттың жақында өткен отырысында депутат Еділ МАМЫТБЕКОВ.

Ол елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесінде бірізділік жоқ екеніне тоқталып өтті.

- Өңірлік корпоративтік сегменттердегі мәселе бұрынғы қалпында тұр. Іс жүзінде жергілікті атқарушы орган мен мемлекеттік компания басшыларының көпшілігі жергілікті және негізгі корпоративтік міндеттерді басшылыққа алады, - деп атап өтті ол.

Ол кез-келген отандық өнеркәсіптік жобаны іске асырудың тиімсіздігі мен сату құны қым болуының себебі деп өндіріс пен ғылым арасындағы алшақтықты атады.

- Отандық, сонымен қатар шетелдік бизнес өздерінің кәсіби шегін тек шетелдік жеткізушілерден технологиялық шешімдер мен өнімдерді сатып алу арқылы анықтай отырып, елдің ғылыми және техникалық дамуы үшін жауап бергісі келмейді. Сонымен қатар, бизнесмендер мен жер қойнауын пайдаланушылар республиканың жер қойнауын пайдалану үшін ғылыми әлеуетті дамыту жөніндегі өз міндеттемелерін де орындағысы келмейді. Көптеген ірі жер қойнауын пайдаланушылар үлестес еншілес ұйымдарды құрды, нәтижесінде ҒЗТКЖ бойынша іске асырылған жобалардың 80%-дан астамы солар арқылы атқарылды. Бұл ретте бұл сомалар салық салынатын базадан есептен шығарылды, - деп атап өтті Мамытбеков.

Сенатор тіпті Ленин бір кездері капитализмнің ыдырауының сипаттамаларының бірі ғылыми жұмыстар мен инновацияларды қолдануға ынталандырудың жоқтығы деп санағанын мысалға келтірді.

Ол министрліктердің жеткілікті пысықталмаған актілері жосықсыз жер қойнауын пайдаланушыларға «көмектесіп отыр» деп оларды сынға алды. Мысалы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекстің» 129 және 178-баптарына енгізілген түзетулер жер қойнауын пайдаланушыларға ҒЗТКЖ немесе цифрландыру жобаларына қаржыландыру бағытын таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, өнеркәсіптік саясат тек импорттық жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саясатына айналады. Ал елдің ғылыми әлеуетін қалай дамыту керек?

KazService мұнай сервистік компаниялар Одағында сенатор айтқан сынмен келісіп, бұл ҚР Президентінің ҒЗТКЖ бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін тиімсіз пайдалану жөніндегі тапсырмасына қатысты екенін еске салды. Бұл міндеттер 2012 жылы пайда болды және табыстың 1% құрайды.

- Онда жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттарында кірісті «қалай және қайда» жұмсау шарттары жазылмаған. Ең бастысы - қаражатты игеру, - деп түсіндірді мұнай сервистері Одағында. - Тек 2018 жылдың жазында ғана жаңа келісімшарттарға немесе қосымша келісімдерге қатысты қаржыландыру ережесі әзірленіп, бекітілді.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

23 қазан 2020, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.