
«Amanat» партиясы «Әділет» саяси партиясымен бірігетінін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның кезектен тыс XXVI съезінде партия төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті.
Съезд делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде Қошанов бұл шешімнің уақыт талабы мен қоғамның ауызбіршілікке деген сұранысынан туындағанын атап өтті.
«Бүгін, дамудың жаңа бағытына бет бұрған шақта, Мемлекет басшысы ауызбіршіліктің маңыздылығы туралы айтып жатқанда, өз тарихымыздың жаңа парағын ашуға батылдығымыз жетуі керек. Біздің партия әрқашан «өзгеріс өзімізден басталады» деген ұстанымды қолдап келді. Сондықтан дәл қазір де уақыт талабына, мемлекет мүддесі мен қоғам сұранысына сай келетін қадам жасауымыз қажет. Бүгінде елге жаңа жікшілдік сызықтар емес, біріктіретін жаңа тоғысу нүктелері керек», – деп мәлімдеді партия төрағасы.
Ерлан Қошанов, сонымен қатар, қазіргі кезеңде Қазақстанға жаңа бөліну сызықтары емес, қуатты бірігу нүктелері қажет екенін айтып өтті.
«Осындай жауапты сәтте біз жұдырықтай жұмылып, өз ресурстарымызды жаңа күшпен ұштастыруымыз қажет», — деп түйіндеді спикер.
Екі ұйымның ресурстары біріккеннен кейін партия жұмысын ауқымды түрде қайта құру және саяси күн тәртібін жаңарту процесі басталады деп күтілуде.
В Атырау +32.8