Атырау, 12 маусым 20:34
 дождьВ Атырау +32.8
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75

​Бір сағатқа жетпей табылды: Атырау облысында ақшасы мен құжаттарынан айырылған шетелдік құтқарылды

147 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Қазақстандық полицейлер жолда сөмкесін жоғалтып алған ҚХР азаматының құжаттары мен қомақты ақшасын бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде тауып, өзіне қайтарды. Шетелдік азамат тәртіп сақшыларының жеделдігіне тәнті болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Төтенше жағдай Атырау облысының Сағыз ауылына жақын жерде, Атырау — Ақтөбе жолында орын алған. Қазақстан бойынша саяхаттап жүрген Қытай азаматы Ван Тао бір сәтте қол жүгінсіз қалғанын байқаған. Ол өте қиын жағдайға тап болған, себебі жоғалған сөмкенің ішінде оның барлық құжаты, ұялы телефоны және қомақты мөлшердегі қолма-қол ақшасы болған.

Оқиға туралы хабарлама кезекші бөлімге түскен бойда патрульдік полиция қызметкерлері жергілікті учаскелік инспекторлармен бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын жариялады.

«Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында сөмке бір сағатқа жетпей табылды. Барлық заттары мен ақша иесіне толықтай аман-есен қайтарылды», — деп хабарлады ведомстводан.

Атыраулық полицейлердің көмекке дайын тұратыны мен жұмыс жылдамдығына риза болған Қытай азаматы шын жүректен алғыс білдіріп, Қазақстандағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің жоғары деңгейін ерекше атап өтті.

Бүгін, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.