Атырау, 12 маусым 19:19
 дождьВ Атырау +32.8
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

108 рет қаралды

Шешенстан басшысының 18 жасар ұлы Адам Қадыров екінші рет Шешенстан Республикасының Батыры атағын алды. Жігітке кезекті жоғары марапатты оның өз әкесі берді, деп хабарлайды «Осторожно, новости».

Марапаттау туралы Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов мәлімдеді. Оның айтуынша, Рамзан Қадыров қазіргі уақытта Шешенстан басшысының көмекшісі және республика жетекшісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы лауазымдарын атқаратын 18 жасар ұлына атақ беру туралы Жарлыққа қол қойған.

Ресми хабарламада бұл марапаттың «мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін», «халыққа жанқиярлықпен қызмет еткені үшін» және Ресей күніне байланысты берілгені атап өтілген. Даудов бұл оқиғаны «Отанға қызмет етудің жоғары принциптеріне адалдығын күн сайын дәлелдеп жүрген» бозбаланың «патриотизмінің лайықты танылуы» деп атады.

Адам Қадыровтың бұл атаққа ие екені де назар аударарлық. Алғашқы рет Шешенстан Батырының алтын жұлдызы оған 2023 жылы, жасөспірім небәрі 15 жаста болғанда табысталған болатын.

Рамзан Қадыровтың ұлы 18 жасына қарай РФ-ның түрлі аймақтарының, ведомстволық және мемлекеттік марапаттарының қомақты топтамасын жинап үлгергенін атап өткен жөн.

Адам Қадыров тағы не алып үлгерді:

  • Шешенстан Республикасының ең жоғары ордені — Қадыров ордені;

  • Шешенстан парламентінің «Даймехкан Сий» (Отан даңқы) ордені;

  • Росгвардияның «За боевое отличие» (Жауынгерлік ерлігі үшін) медалі;

  • Татарстан, Кабардино-Балкария, Карачаево-Черкесия және РФ-ның басқа да өңірлерінің жоғары ордендері.

Еске сала кетейік, жасөспірімге марапаттар тасқыны 2023 жылдың соңында, Рамзан Қадыров Грозный тергеу изоляторында (СИЗО) ұлының Құранды өртеген Никита Журавельді соққыға жыққан видеосын жариялаған үлкен жанжалдан кейін басталған еді. Сол кезде Шешенстан басшысының өзі ұлының бұл әрекетін мақтан тұтатынын мәлімдеген. Рамзан Қадыровтың өзі де екі дүркін Шешенстан Батыры атанғанын айта кеткен жөн. 

Бүгін, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.