Атырау, 12 маусым 18:44
 дождьВ Атырау +32.8
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75

Сұлтан ​Сәрсемалиев​: “Мен қазір тормозить етсем, өзім өлем, балаларымды алып кетеді”

142 рет қаралды

11-12 маусымда Сәрсемалиевтың ісі бойынша сот отырысында тергеу материалдарының дәлелдемелерін зерделеу жалғасты.

Кеше тергеу кезіндегі Сәрсемалиевтың Наурыз Мұқанғалиевты қалай өлтіргенін айтқан видео көрсетілді. Мүрдені қазу кезінде денеден басы ажырап қалған. Сүйек он ай өткеннен кейін қазылып алынды. 

Сонымен қатар Сәрсемалиевті Жангелдиндегі және қаладағы үйге апарған кезінде түсірілген видео, тергеу кезіндегі видеосы көрсетілді. 

Бүгін Жангелдиндегі сарайда бұрынғы қайын атасы мен енесі Мақсот Мұқанғалиев пен Нәсіп Өтешқалиеваны қалай пышақтап өлтіргенін айтқан видео көрсетілді. 

Тергеу видеосында “Мен қазір тормозить етсем, өзім өлем, балаларымды алып кетеді, болды” деді Сәрсемалиев. Ол Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіруге барғанын, ол сарайда ыдыстарды алып жатқан кезде Сұлтан асүйдегі пышақты алдын ала үстелге қойып дайындап қойған. Енесі ыдыс алып жатып артында адам тұрғанын көріп бұрылғанда қарсы тұрған Нәсіпті әуелі мойнына, сосын жүрек тұсына пышақ сұққан. Сол бойда ол тіл тартпастан кетіп, жерге сұлық құлаған.

Кейін сарайға келе жатқан Мақсот Қарабалинді өлтіруге оқталғанын, екеуін де қасақана өлтіргенін айтты.
Видеолардың бірінде Сәрсемалиевтың Қарабалинді де қасақана өлтіруге оқталып жүрген соң “қаным қайнап”, “жайдан жай емес, қасақана өлтіруге кетіп бара жатырмын, қиын ғой” деген сөздерін айтқаны естілді. 

Жасарын жасап, денелерді сарайға көмген соң пышақты жуып алып, чехолға салып өзімен бірге алып кеткен.

Кейін марқұмдардың және Сәрсемалиев пен оның қазір психиатриялық диспансерде ем алып жатқан бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның абоненттік номерлерінің қосылу уақыты мен қай қаладан қосылғаны туралы жасырын тергеу әрекеттері қорытындысы қаралды. 

Тергеу Наурыз Мұқанғалиев, Мақсот Қарабалин, Нәсіп Өтешқалиева, Мейрамгүл Қарабалина, Ақбаян Мұқанғалиева және Сәрсемалиевтың сим-карталары, яғни абоненттік номерлері бір уақытта бір жерде қосылғанын анықтаған. 

Мәселен, Наурыздың сим-картасы былтыр:

  • 20-25 маусымда Махамбет ауданында, 
  • 2-5 қарашада Жангелдин ауылында, 
  • 5-7 қарашада Мұнайшы ықшамауданында, 
  • 9 желтоқсанда Шымкентте қосылған.

Ал Ақбаян Мұқанғалиеваның номері: 

  • 3-5 қарашада Жангелдинде, 
  • 5-6 қарашада Мұнайшыда, 
  • 8-9 желтоқсанда Шымкентте қосылған. 

Мемлекеттік айыптаушы “Бұл Мақсот Қарабалиннің, Нәсіп Өтешқалиевтың, Наурыз Мұқанғалиевтың және Сұлтан Сәрсемалиевтың номерлері бір жерде болғанын көрсетеді” деді.

Сот материалында белгілі болғандай, былтыр 12 желтоқсанда Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты деменция деген диагноз қойып, ол өз әрекетіне баға бере алмайды, қорғаншылық тағайындауды қажет етеді деген сараптама қорытындысы шығарылған.

Кейін мүрделерге жасалған сараптама қорытындылары қаралды.

Мақсот Қарабалин мүрдесіне жасалған комиссиялық сот-медициналық сараптама мәйітті қарау кезінде шіру белгілеріне сәйкес 2-3 апта бұрын өлген деп қорытынды жасаған.

Кеудесіне бірнеше рет пышақ тиген, қабырғасы сынған. 9 жарақат келтірілген. Соның үшеуі өлімге себеп болған. 

Нәсіп Өтешқалиеваға биыл 7 қаңтар мен 5 ақпан аралығында сараптама жүргізілген. Онда да мәйітке сараптама жасар алдында өлімнің 2-3 апта бұрын болғаны айтылды. 

Кесіп-тесілген жарақаттардан көп қан жоғалтқан. Ішке де қан кеткен. Кеуде тұсы, өкпесі, мойын, сол жақ кеуде қуысы, сол жақ бел аймағы, өкпесі, кеуде қолқасы, дифрагмаға, тағы басқа дене бөлшектеріне жарақат салынған. 

Барлығы 9 жарақат салынған. Оның да мәйітінен этил спирті мен есірткі заттары анықталмаған. 

Келесі сараптама Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиева табылған сарайда линолеумда сиырдың қан ізі, ал балтада, асхана пышағының бірінде басқа бір ер адамның қан ізі анықталған.

Ал Наурыз Мұқанғалиевтың мәйітіне жасалған сараптама оның өлгеніне 6-8 ай болғанын көрсетті. Денесіне 10 жарақат салынған. 

Мейрамгүл Қарабалинаға 9 наурызда басталып, 8 сәуірде аяқталған сараптама  мәйіттегі шіру белгілеріне қарағанда өлгеніне 4-5 ай болған. 

Оған 32 рет пышақ сұғылған. Кесіп-тесілген жарақаттардың көбі кеуде алды, сол жақ бүйірі, арқасына салынған. Көп қан жолғалтқан. Жүрек, сол жақ өкпе, бауыр, көкбауыры зақымдалған, үшінші қабырғасы сынған. Беті мен қол аяқтарында да тесілген жарақат болған.

Сот-психологиялық сараптама Сәрсемалиевты өз ісіне баға беріп, физиологиялық аффектіде болмаған деп қорытынды шығарды.

Келесі сот отырысы 16 маусымға белгіленді. Ол күні Сәрсемалиевтың күдікті ретінде берген жауабы тыңдалады. Сот аяқталуға жақындап қалды.

Айнұр САПАРОВА

Сурет пен видеоны түсірген автор

Бүгін, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.