Атырау, 21 желтоқсан 14:05
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​ Спорт хроникасы

3 480 просмотра

ЖЕКПЕ-ЖЕК

Ақтауда жекпе-жектен «NFC -24» дәстүрлі кәсіби турнирі өтті.

Турнирде атыраулық спортшы, 2019 жылғы панкратионнан әлем чемпионы Әділбек Қайырғали (суретте) жақсы өнер көрсетті.

Қазақстандық дебютант-күресші Сүлейман Дазаевпен болған жекпе-жекте Әділбек төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Бұл Әділбектің кәсіби аренадағы үшінші жеңісі. «NFC 23» аясында наурыз айында Атырауда өткен алдыңғы жекпе-жекте ол өзбек спортшысы Лочинбек Юлдашевті бірінші раундта қылғындыру әдісін қолданып жеңді.

- Бұл менің наурыз айынан бергі алғашқы жекпе-жеке шығуым, барлық жарыстар карантинге байланысты тоқтатылған еді. Осы уақыт ішінде мен уақытымды босқа өткізбей, үйде күнделікті жаттығу жасадым, нәтижесінде мен осы жекпе-жекке 100 пайызға дайын болдым, - деді күрескер. 


******

Жылыой ауданында кіші аяқдоп жақсы дамып келеді

Ауданда кіші аяқдоптың 35 командасы бар. Оның 6-ы Атырау облысының чемпионатына қатысады. «Өмірзақ» командасы облыстың жоғарғы кіші аяқдоп лигасының, ал «Жігер» командасы Бірінші лиганың чемпионы атанды.

Жылыой ауданы футбол федерациясының вице-президенті Талғат АҒЫСОВ спортшылардың жетістіктерімен бөлісті:

«Қайрат МҰСАҒАЛИЕВ жаттықтыратын 2002-2009 ж.т. біздің балалар командаларын ерекше атап өткім келеді. Балалар бізді республикалық және халықаралық дәрежедегі жетістіктерімен қуантып келеді.  2005-06 ж. т. Ойыншыларынан құралған «Құлсары» командасы өткен жылы ҚР чемпионы және өткен маусымда Қырғызстан Ашық Кубогының иегері атанды.

Екі үздік ойыншы - Азат Қайыржанов пен Наурызбек Амандықов «Қайрат» ФК футбол академиясы бапкерлерінің көзіне түсті.

4 қазанда тәлімгерлердің шақыруы бойынша мен оларды Алматыға апардым, онда олар академия тәрбиеленушілерінің қатарына қабылданды».


******

СУ ДОБЫ

Оралда су добынан ашық қалалық біріншілік өтіп, оған атыраулық ватерполистер қатысты.

2006 ж.т. «Атырау» командасының ойыншылары жарыстың жеңімпаздары болса, 2008 ж. т. командасы қола жүлдегер атанды. Спортшыларды Ернұр ҚОЙЛИЕВ жаттықтырады.


******

ХОККЕЙ

Хоккейден 2020-2021 жылғы маусымның "Pro Hokei Ligasy" ҚР Чемпионатының ойындары басталды.

Атыраулық "Бейбарыс" көкшетаулық "Арланмен" алғашқы ойынын өткізіп, 4:5 есебімен жеңіске жетті. Матч Көкшетаудағы "Бурабай" мұз айдынында өтті. Бірінші шайбаны Александр Воробьев салды.

Еске сала кету керек, хоккейдің өткен  маусымы коронавирусқа байланысты күтпеген жерден аяқталды. Плей-офф кезеңінде біздің команда 4-ші орында болды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қазан 2020, 08:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.