Атырау, 27 сәуір 01:34
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Антикор «СК-Фармация» қоймасын тексерді

3 146 просмотра

Атырауда «СК-Фармация» қоймасында COVID -19-бен күресу үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары болған жоқ. Бұл Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған арнайы мониторинг барысында белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, тексеру кезінде компания қоймасында дәрі-дәрмек қоры болмаған. «СК-Фармация» менеджері мұны дәрі-дәрмектер көрші Ақтөбе облысында сақталады, ал қоймадағы қолда бар қор медициналық мекемелерге бөлінді деп түсіндірді.

Тексеру кезінде №3 емханада медициналық маска болған жоқ. Жауапты медицина қызметкері тексерушілер келер алдында маска түгесіліп қалды деп ақталды. 5000-ға жуық тұрғынға қызмет көрсететін емхана қоймасында кейбір дәрі-дәрмектер жетіспеді. Мысалы, «Ксарелто» және «Дексаметазон» таблеткаларының екі айға жететін 5000 пакеттің орнына бар болғаны 10 пакет болды.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхан БАЙДУАЛИЕВ Атырау облысында коронавирустың екінші толқынымен күресуге арналған дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры бар деп мәлімдеді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

21 қазан 2020, 23:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.