Атырау, 25 желтоқсан 00:06
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда

Бэлла ОРЫНБЕТОВА: "Бізді әлі үлкен күш санамайтын шығар" Саясат

Бэлла ОРЫНБЕТОВА: "Бізді әлі үлкен күш санамайтын шығар"

Жақында Атырауға «Республика» қоғамдық қозғалысының мүшелері келді. Олар еліміздің батыс өңірлерін араламақ ниетте Re.TourBatis ұйымдастырып, Маңғыстаудан кейін біздің қалаға ат басын тіреді. Бұл жерде азаматтық белсенділермен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді. «АЖ» құрылғанына көп уақыт бола қоймаған, дені жастардан тұратын қоғамдық ұйымның алға қойған мақсаттарын білмек болып, қозғалыс жетекшілерімен кездесті. Сұрақтарымызға «Республика» жетекшілерінің бірі Бэлла ОРЫНБЕТОВА жауап берді. 8 қазан 2019, 15:58 7 573 рет қаралды
Атыраудағы медицина хроникасы Басқа жаңалықтар

Атыраудағы медицина хроникасы

Соңғы кездері Атырау облысының денсаулық сақтау жүйесі құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Мұздатқыш камерасына салынған тірі нәрестеге қатысты сұмдық жағдай бүкіл елді дүр сілкіндірді. Алайда Атырау медицинасы қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің көрінісі ғана. Облыстық басқарма басшылығын ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді. 8 қазан 2019, 13:52 4 882 рет қаралды
Апат патрулі Басқа жаңалықтар

Апат патрулі

6 қазанда таңғы сағат 7-лер шамасында Атырауда Гагарин мен Молдағұлова көшелерінің қиылысында  «Lexus ES 250» маркалы автокөлігі мен жол-патрульдік қызметінің арнайы автокөлігі соқтығысқан. Айта кету керек, бұл полицейлер қатысқан екінші жол-көлік оқиғасы. 8 қазан 2019, 16:21 4 590 рет қаралды
Атырау енді көгорайға орана ма? Басқа жаңалықтар

Атырау енді көгорайға орана ма?

«Атырауда қаладағы ауа сапасын тексеретін, құрамына экология департаменті, «Қазгидромет», ұлттық экспертиза орталығы және Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарманың қызметкерлері бар тұрақты мобильдік топ жұмыс жасайды. Ол қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізеді»,- деп хабарлады брифингте басқарма басшысы Қадыржан АРЫСТАН. Ол сондай-ақ мұнайлы астананы көгалдандыруда ұйымдастырушылық өзгерістер болатынын айтты, мүмкін жаңаша бағыт өткен жылдарға қарағанда жақсы нәтиже берер. 8 қазан 2019, 11:56 3 652 рет қаралды
АӘК төлеуде өзгерістер бар Басқа жаңалықтар

АӘК төлеуде өзгерістер бар

Жыл басынан бері еңбек биржасы арқылы 18700 адам әртүрлі жұмыстарға орналасты. Әлі 10 мыңнан астам адам жұмыссыздар ретінде тіркелген.  Бұл туралы брифингте Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА мәлімдеді. Ал АЖ сауалдары негізінен атаулы әлеуметтік көмек туралы болды. 8 қазан 2019, 11:32 3 141 рет қаралды
«ҚазТрансГаз Аймақ» монополияға қарсы қызметпен соттасуда Басқа жаңалықтар

«ҚазТрансГаз Аймақ» монополияға қарсы қызметпен соттасуда

Монополияға қарсы департамент сот арқылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау филиалын өз қызметіне қосылғаны үшін тұтынушылардан қосымша төлемдер алуды тоқтатуға мәжбүр етті. Бірақ бұл хикаяның соңына нүкте әлі қойылмаған секілді. 8 қазан 2019, 14:38 3 346 рет қаралды
Атырау облыстық Полиция департартаменті бастығының орынбасары «лауазымынан айырылды» Басқа жаңалықтар

Атырау облыстық Полиция департартаменті бастығының орынбасары «лауазымынан айырылды»

ҚР ІММ 5 қазанда таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы баспасөз хабарламасында «Бұл жұмыста алдын-алу сипатындағы тиісті шаралар алмаған басшылардың жеке жауапкершілігі өте маңызды» деп атап көрсетіп, «жетекшілік ететін бөлімше басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін Атырау және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері басшыларының орынбасарлары қызметінен босатылды» деп хабарланды. Біздің өңірімізде 2016 жылдың қазан айынан бастап тағайындалған ПД басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Сұлтан МОЛДАШЕВ лауазымынан босатылды. 8 қазан 2019, 10:25 5 153 рет қаралды
«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па? Басқа жаңалықтар

«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па?

Жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНҒА қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА бастаған республикалық ұйымдардың жетекші мамандары Атырау облысына келді. 7 қазан 2019, 16:49 4 579 рет қаралды
Кубок қол созым жерде еді Спорт

Кубок қол созым жерде еді

6 қазанда «Астана аренада» «Атырау» командасы мен қызылордалық «Қайсар» арасында футболдан Қазақстан Кубогының финалдық матчы өтті. Ойын өте тартысты өтіп, ойын қорытындысында Кубокты қызылордалықтар иеленді. 7 қазан 2019, 11:54 3 597 рет қаралды
«Бизнесті тексеруге мораторий - мәселенің екі ұшы бар» Басқа жаңалықтар

«Бизнесті тексеруге мораторий - мәселенің екі ұшы бар»

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Бірыңғай есеп беру күнін» - бизнес саласындағы бақылау және қадағалау органдарының жұмыс нәтижелеріне арналған жиналыс өткізді. Оған ШОБ және түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 5 қазан 2019, 23:35 3 401 рет қаралды
Автобус жүргізушісі: «Егер қалтақағарларды полицияға хабарласам, олар мені өлтіруі мүмкін»   Қоғам

Автобус жүргізушісі: «Егер қалтақағарларды полицияға хабарласам, олар мені өлтіруі мүмкін»

Жуырда Жерұйық ықшамауданында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жолаушылар жарақат алған жол-көлік оқиғасы жергілікті полиция басшылары мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің кездесуіне басты себеп болды. Кездесуде бірталай маңызды мәселелер көтерілді.   5 қазан 2019, 11:30 6 737 рет қаралды
Доссор екінші мұнайлы астанаға айнала алмайды Басқа жаңалықтар

Доссор екінші мұнайлы астанаға айнала алмайды

Әлеуметтік желілерде Мақат ауданы Доссор кентіндегі көше қазу жұмыстары кезінде шұңқырда мұнайға ұқсас қара қоймалжың сүйықтықтың шығып жатқаны туралы бейнежазба тарады. «АЖ» тілшісі мұны анықтап көрді. Бейнежазба 5 қазан 2019, 10:48 4 222 рет қаралды
Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша Басқа жаңалықтар

Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша

ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына баға шегін көтерді. Атап айтсақ, Атырау ЖЭО өндіретін энергияның бір киловатт-сағатының шекті бағасы 1 қазаннан бастап 6,06-дан 6,82 теңгеге дейін көтерілді. АЖЭО үшін 6,06 теңге жақында ғана, 2019 жылдың 1 қаңтарында бекітілген еді. Ал бұған дейін баға бірнеше жыл бойы 7,3 теңге деңгейінде тұрды. Ол кейін сол кездегі президенттің коммуналдық тарифтерді төмендету туралы тапсырмасынан кейін азайтылған болатын. 5 қазан 2019, 09:40 3 152 рет қаралды
Қай жерде қыстаған жақсы? Басқа жаңалықтар

Қай жерде қыстаған жақсы?

Қазақстанда жылу маусымы жақындағанда жылу тарифтері өзекті мәселеге айналды. Жақында орталық баспасөзден тұрғындарға жеткізілетін қымбат жылу тарифтері бойынша Атыраудың республикада үшінші орында тұрғанын білдім. Бірінші және екінші орындарда Алматы мен Шымкент тұр. 5 қазан 2019, 09:30 2 871 рет қаралды
Облыстық перзентхана бас дәрігерінің ісі: пара берушіні бақылауға алып, адам өлтіру қылмысын ашты Басқа жаңалықтар

Облыстық перзентхана бас дәрігерінің ісі: пара берушіні бақылауға алып, адам өлтіру қылмысын ашты

Атырау облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері мен акушер-гинекологына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағының 3, 7-тармақшалары (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша не себепті қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 4 қазан 2019, 21:35 5 119 рет қаралды
Автобус жүргізушісі зардап шеккен 11 жолаушымен татуласуға тырыса ма? Басқа жаңалықтар

Автобус жүргізушісі зардап шеккен 11 жолаушымен татуласуға тырыса ма?

30 қыркүйекте «Жерұйық» ықшамауданында ЗИЛ-131 жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-тармағы (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «АЖ»-ға қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ хабарлады. 4 қазан 2019, 15:21 3 741 рет қаралды
Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды Басқа жаңалықтар

Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды

Мұнайлы астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер алу үшін кезекте 87 956 өтініш тіркелген. Бүгінде жер қалаға қарасты Атырау, Ақсай, Көкарна, Водников, Жаңаталап, Тасқала, Дамбы ауылдық округтары аумағынан 1999-2004 жылдары өтініштер жазған азаматтарға беріліп жатыр. Бұл туралы брифингте қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді. Сондай-ақ ескі қаладағы үйлерді сүру туралы да әңгіме болды. 4 қазан 2019, 14:26 3 793 рет қаралды
Атырау көшелерінің төрттен үш бөлігі жарықтандырылмаған Басқа жаңалықтар

Атырау көшелерінің төрттен үш бөлігі жарықтандырылмаған

- Атырауда қанша көше бар және пайыздық тұрғыда олардың қаншасы жарықтандырылған? Көшені жарықтандыру желісін салу жоспарына қосу үшін көшені таңдау кезінде қандай талаптар қойылады? 4 қазан 2019, 10:00 4 489 рет қаралды
Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды

Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВТЫ ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-баптың 3-тармағы - 367-баптың 3-тармағының 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру) және 99-баптың 2-тармағының 3, 7-тармақшасы (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Толықтырылды 3 қазан 2019, 16:12 5 303 рет қаралды