Атырау, 27 сәуір 02:27
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жылжымалы зертхана ауыл тұрғындарына көмек көрсетеді

2 896 просмотра

Атырау облысының жеті ауданында да жылжымалы диагностикалық медициналық зертхана пайда болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

- Медициналық кешен арқылы аудан тұрғындарының инфекциялық емес созылмалы ауруларын ерте анықтай аламыз. Көптеген қажетті профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында азаматтардың денсаулық жағдайын тереңдетіп тексеру үшін көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеуді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кешен арнайы лифт және пандуспен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі адамдар кіретін бөлек есігі қарастырылған, - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУАЛИЕВ. 

Оның айтуынша, емдеу кешені барлық қажетті құралмен жабдықталған.

Медициналық кешеннің ерекшелігі - бір күнде 150 адам терапевт, кардиолог, хирург, эндокринолог, оториноларинголог, окулист, ультрадыбыстық зерттеу және рентген мамандарының қызметіне жүгіне алады. Кешеннің көмегімен алпыстан астам ауруға диагноз қоюға мүмкіндік бар.  Айта кететін жайт, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатып алған 100 бірлік жылжымалы диагностикалық медициналық зертхананың бесеуі  Атырау облысына бөлінген.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 қазан 2020, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.