Атырау, 19 сәуір 17:26
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Дамбы балықшыларының дауы реттелді

2 651 просмотра

Дамбы ауылының өндірістік кооперативі балықты балықшылардан бұрынғы көтерме бағамен қабылдауға келісті.

Бұл туралы брифинг кезінде «АЖ» сауалына жауап бере отырып, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКОВ мәлімдеді. Естеріңізде болса, қыркүйекте Дамбы ауылының балықшылары ауылдық округ  әкімдігінің алдына жиналып, олардан қабылданатын балықтың бағасы екі есе төмендеп кеткеніне наразылық білдірген еді. Ал жұмыс шарты өзгерген жоқ: балықшылар балық аулау құралдары мен қайықты өз қалтасынан, көбіне несиеге сатып алады.

- Әкімдік, өндірістік кооператив және балықшылар арасында үш жақты келісім жасалды. Онда балық бұрынғы бағасы – 1 келісіне 250 теңгеден қабылданатыны жазылған, - деді А.Сәдібеков.  

Ал, бекіре тұқымдас балығын өсірушілердің Атырау облысы әкімдігінен 1,5 млрд теңге шығынды өндіруді талап етіп отырған мәселеге келетін болсақ, «АЖ»-ның қойған бұл сұрағын Артур Сәдібеков атын «Атырау облысы Су Арнасы» деп өзгерткен «АСА» КМК мекемесі қарасты ТКШ және құрылыс басқармасына жолдады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

ӨКҚ ұсынған сурет

21 қазан 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.