Атырау, 19 сәуір 01:44
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ноғаев мұнай саласына есеп берді

2 826 просмотра

Қазақстанда 9 айда 64,7 млн тонна мұнай өндірілді, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ. Оның ішінде Теңіз кенішінде 20,3 млн, Қашағанда – 11,5 млн, ал Қарашығанақта – 9 млн тонна мұнай өндірілген.

Осы мерзім ішінде 52,2 млн тонна мұнай экспортталды. 2020 жылы 85 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 млн тоннаға кем. Естеріңізге салсақ, мұнай өндіру деңгейінің төмендеуі ОПЕК+ міндеттемесі аясында жүзеге асырылуда.

Аталған кезеңде 41,6 миллиард текше метр газ өндірілді, биылғы жылға 56,5 млрд текше метр газ өндіру жоспарланған. 11,53 млн тонна мұнай өңделді: 3,24 млн тонна бензин, 3,41 млн тонна дизель, 0,30 млн тонна авиациялық керосин, 1,45 млн тонна мазут өндірілді.

Министр Ноғаев атап өткендей, ішкі нарық толықтай өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен қамтылған.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

20 қазан 2020, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.