Атырау, 22 желтоқсан 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жасөспірім әкесінің көлігімен жол-көлік оқиғасын жасады

Сурет
3 546 рет қаралды

19 қазанда кеште Қабдолов және Атамбаев көшелерінің қиылысында 16 жасар жасөспірім жол-көлік оқиғасын жасады.

– Жүргізуші куәлігі жоқ 16  жасар бала, әкесінің атындағы «ВАЗ-21110» көлігінің тізгініне отырған. Жасөспірім басқарған автокөлік Қабдолов көшесінен екінші дәрежелі автомобиль жолынан Атамбаев көшесіндегі негізгі жолға шығып, Opel Zafira автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінде.

Қазір ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ

ПД ұсынған сурет

21 қазан 2020, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.