Атырау, 23 сәуір 23:41
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Денсаулық сақтау басқармасы антисептикті қымбатқа сатып алған

3 105 просмотра

Атырау облысының тексеру комиссиясы бюджеттен 37 млрд теңгенің пайдаланылуын тексеріп, 346 млн теңгеге қаржылық бұзушылық анықтады.

Комиссия мүшесі Аслан ҚҰМАРОВТЫҢ айтуынша, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру үшін облыс бойынша құны 35,3 млрд. теңгеге  63 жоба іріктелді. Алайда, барлық жоба жұмыссыздықты азайту, тұрақты жұмыс орындарын құру және т. б. секілді бағдарлама мақсатына сәйкес келмеді.

Комиссия мүшесі Аслан ҚҰМАРОВ

Мысалы, жұмыспен қамту Жол картасына шенеуніктер Қосшағыл ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша айлық жұмыстарды, Мақатта және Атыраудағы кешкі мектепте жылу қазандығын жөндеу секілді қысқа мерзімді жұмыстарды енгізген.

- Бұл қысқа мерзімді жобалар ұзақ мерзімді жұмыс орындарын құрған жоқ, сонда да жұмыспен қамтудың жол картасына енгізілді. Шенеуніктер жұмыссыздық динамикасын ескермеген, - дейді Құмаров.

Сонымен қатар, бюджеттен алты жобаға 131 млн теңге аударылды, бірақ жұмыстар орындалмаған. Мысалы, Атырауда жаңа мәйітхананы тексеру кезінде 35 млн теңгенің 2  жабдығы жоқ екені анықталды, бірақ нысан тамыз айында мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданған.

Бюджеттің ақшасы коронавирус пандемиясы кезінде де тиімсіз пайдаланылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік сатып алу порталында бір фирмадан медициналық қолғапқа тапсырыс беріп, 30%, яғни 19 млн теңгеден астам аванс төлеген. Бір қолғаптың құны 70,40 теңгеден келді, бұл басқа жеткізушілермен салыстырғанда 23 теңгеге қымбат, соның салдарынан бюджеттің 22 млн теңгесі тиімсіз пайдаланылды.

Дәл осындай жағдай антисептиктерді сатып алу кезінде орын алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ерітіндінің бір данасын 900 теңгеден сатып алды, ал олардың нарықтық бағасы 520 теңге. Нәтижесінде 3 млн теңгеден астам қаражат тиімсіз пайдаланылды.

- Біз жергілікті атқарушы органдардың жұмысында кемшіліктер өте көп екеніне алаңдаймыз. Талаптың бұзылғаны үшін жаза қарастырылғанын ұмытпау керек. Сондықтан шенеуніктерге заңнамалық нормаларды сақтауға кеңес береміз, - деді Құмаров.

Тексеру комиссиясының қорытындысымен барлық кемшіліктер бойынша кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар жолданады. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 қазан 2020, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.