Атырау, 5 желтоқсан 09:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда пәтер ұрылары ұсталды

3 195 рет қаралды

Атырауда «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде бұзып кіру арқылы пәтер ұрлығын кәсіп қылған топ ұсталды.

- Атырауда жедел-іздестіру шарасын өткізу кезінде екі адамнан құралған қылмыстық топ анықталды. Биылғы тамыз айынан бастап олар жеке үйлердің терезесін бұзып, 12 ұрлық жасаған. Заттай айғақтар тәркіленді, - деп хабарлады полиция департаменті бастығының орынбасары Болат КӨШҚАЛИЕВ.

Ұсталушылардың бірі – бұрын сотталған 30 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын әлденеше рет сотталған 34 жастағы екіншісі басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Жеті пәтер ұрысы мен ұрланған мүлікті сататын екі адам полиция есебіне алынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қазан 2020, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.