Атырау, 21 желтоқсан 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Экология

Шырайгүл – Атыраудың шырайы Экология

Шырайгүл – Атыраудың шырайы

- «Осы гүлзарлар мен қыш құмыралардың жанынан өтіп бара жатып, көлігімді тоқтатып, өзіме етене боп кеткен олардың қалай жайқалып өсіп тұрғанын келіп көру үшін өзімді зорға ұстаймын. Бәлкім бұл күлкілі шығар, бірақ мені олармен әлдене байланыстырып тұрғандай сезінемін. Өйткені әрбір гүл өз қолымнан өтті ғой, - дейді ол тазартылып, әлі гүл егілмеген гүлзарларға көз тастап. Айтпақшы, таныс болыңыздар, Лола КЕНЖЕМҰРАТОВА – Атыраудағы көгалды алаңдарға гүлдерді жеткізуші бас маман. 11 мамыр 2011, 21:26 12 631 рет қаралды
Орман емес, шағын тоғай болуы мүмкін Экология

Орман емес, шағын тоғай болуы мүмкін

Үш апта бұрын «NCOC» консорциумы Қарабатандағы орман қорғау алқабының жобасын таныстырды («АЖ», №47, 24.11.11 ж. - «Қарабатан мен Атыраудың арасы орманға айналады»). Қаладағы жолдары бола қоймаған көгалдандырушылардан айырмашылығы консорциум ұсақ-түйектің бәрін ескеріп, бұл іске батыстың үлгісімен кірісіпті. Дегенмен де, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен тәжірибелі көгалдандырушылардың бұған қатысты өз пікірлері бар екен. 14 желтоқсан 2011, 21:36 6 934 рет қаралды
Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады Экология

Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады

Атыраудағы көгалдандырудың кешенді бағдарламасы туралы мақала жарық көргеннен кейін («АЖ» №16,  21-сәуір 2011 ж. - «Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма?») редакцияға түрлі сұрақтар мен күмәнді ескертулер айтылған қоңыраулар көптеп соғылды. Жасыл-желекке малынған Атырау туралы арманға бей-жай қарағандар кемде-кем шығар. Алайда, көгалдандыру бағдарламасы авторларының пікірінше, бұл аз. Ең бастысы - әрекет ету қажет. 4 мамыр 2011, 16:32 6 362 рет қаралды
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым Экология

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым

Чехов атындағы негізгі мектептің оқушылары көктемнің келуін тағатсыздана күтеді. Алғашқы жаймашуақ күндер басталған сәтте олар мұғалімдерімен бірге еңбек сабақтарында өздері жасаған құстардың ұяларын мектеп ауласындағы теректерге ілуге асығады. Содан соң оған қонған құстарды шынайы қызығушылықпен бақылайды. 28 сәуір 2011, 12:56 12 917 рет қаралды
Экология

Көршіге көмек және жыларман қылған жалақы

Облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар төтенше жағдайларды жоюға бөлінген облыс бюджетіндегі 100 млн. теңгені су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының бюджетіне беруге дауыс берді. 27 сәуір 2011, 19:30 3 666 рет қаралды
Оралды су басып жатыр, Атырау қаңсып жатыр Экология

Оралды су басып жатыр, Атырау қаңсып жатыр

Орал қаласында су тасып, апат орын алды. Ал Атырау облысында соңғы жылдары су тасыса қуанатын болды. Бірер күннен соң ауыл шаруашылығының жерлері мен жайылымдарды суаратын арналар толмастан, көтерілген су қайтып, арнасына түспек. 27 сәуір 2011, 19:22 4 909 рет қаралды
«Біреулер маған  өздерін танымасам да «мен сіздің оқушыңызбын» дейді. Экология

«Біреулер маған өздерін танымасам да «мен сіздің оқушыңызбын» дейді.

«АЖ» газетінде «Академик Диаров: “Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін үй” деген мақала жарияланғаннан кейін «АЖ» сайтындағы біздің оқырмандарымыздың коментарийлерімен танысқан Мұфтах Диаров солардың кейбіріне жауап бермекші болды. 27 сәуір 2011, 19:34 4 221 рет қаралды
Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма? Экология

Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма?

- 50-жылдары Атырауда ботаникалық бақша болған. Ал сіздерде өсімдік атаулының бүліну процесі өткен ғасырдың 70-жылдары басталыпты. Осы мәліметтерді біз сіздердегі облыстық мұражайдан таптық, - дейді Атырауды көгалдандыру бағдарламасын жүзеге асыратын «Евростандарт GmbH» компаниясының өкілдері. Өткен жұма күні облыстық әкімдікте осы бағдарламаның таныстырылымы болып өткен еді. 20 сәуір 2011, 19:37 11 118 рет қаралды
Академик Диаров: «Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін  үй» Экология

Академик Диаров: «Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін үй»

Қазақ геологтарының қара шаңырағының негізін салушылардың бірі, ҰҒА академигі, аймақтық экологиялық проблемалар ғылыми орталығының директоры  Мұфтах Диарұлы ДИАРОВТЫ ежіктеп елге таныстырудың қажеті шамалы. 13 сәуір 2011, 21:07 5 133 рет қаралды
Экология

Өлке табиғаты өгей баланың күйін кешіп тұр

Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар экологиялық жоспарларды өндірістік қызметтерін әрі қарай жалғастыруға рұқсат құжаттарын алу үшін ғана жасақтайды. Бұл- жақын арада облыстық әкімдікте өткен кеңеске қатысушылардың ортақ пікірлері болып отыр. 13 сәуір 2011, 19:48 4 225 рет қаралды
Экология

Жаңбыр туралы аңыз

немесе жапондық радиация Қазақстанға қауіпті ме? Жапониядағы атом электр станциясының жарылысынан кейін көп жерде қауіпсіздік шараларын алу қажеттігі ескертілгені рас. Осыған байланысты Атырауда да наурыздың 18-і күні жауған жаңбыр құрамында радиация бар деген үрейлі хабар құлағымызға жетіп еді. Бұл ақпардың қаншалықты ақиқат екендігін тексеруге кірістік. 30 наурыз 2011, 17:03 9 603 рет қаралды
Каспий қасіреті Экология

Каспий қасіреті

15 наурызда жұртшылықтың наразылық білдіргеніне қарамастан Солтүстік-Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасын салудың қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жөнінде қоғамдық тыңдау өткізілді. Осы жобаның төңірегінде талқыланып жатқан қызу пікірлер толастар емес. Жергілікті жұртшылық базаны аймақ экологиясына тікелей қауіпті десе, ал тапсырыс беруші мен мердігер бірауыздан мемлекет қазынасына қомақты қаржы түседі деп дәмелендіріп отыр. 17 наурыз 2011, 17:48 8 685 рет қаралды
Көктемгі балық аулау маусымы болады! Экология

Көктемгі балық аулау маусымы болады!

- деп мәлімдеді атыраулық балықшыларға облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ. Алайда өткен жылы «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» ҚР заңына енгізілген түзетулердің салдарынан Бас прокуратура көктемдегі балық аулау маусымына тыйым салған болатын. Қара балық аулайтын балықшылардың торына жоғалу қаупінде тұрған бекіре тұқымдас балықтардың сөзсіз түсетіндігі тыйым салу үшін негіз болды. 16 наурыз 2011, 22:51 9 304 рет қаралды
Қарғалар да өмір сүргісі келеді Экология

Қарғалар да өмір сүргісі келеді

Күнде кешкісін ымырт үйіріле бастағанда бір уақытта қарқылдаған қанаттылардың тобыры бір жерге жиналады. Құстар бір-біріне жақындап суық мұзға қонақтап отырады. Орталық көпірден олар тірі қара кілем секілді көрінеді. Өтіп бара жатқан жүргіншілерге құстар тіпті назар аудармайды да.  9 наурыз 2011, 21:54 4 542 рет қаралды
Теңіз: жер қыртысы жылына бес сантиметрге көтеріледі Экология

Теңіз: жер қыртысы жылына бес сантиметрге көтеріледі

Өткен аптада «АЖ» бірінші боп хабарлаған Теңіздегі орын алған жер сілкінісі туралы ақпарат («Теңізде 4,1 баллдық жер сілкінісі орын алды») жауапты мемлекеттік органдарды абыржытып тастаған секілді. 3 наурыз 2011, 01:04 8 695 рет қаралды
Теңізде 4,1 баллдық жер сілкінісі орын алды Экология

Теңізде 4,1 баллдық жер сілкінісі орын алды

21-ші ақпанда Теңіз кенішінің аумағында жер асты дүмпуі болған. Батыс Қазақстандағы жерасты дүмпуі туралы ақпарат алдымен ресейлік және шетелдік сайттарда пайда болды. Қазақстандық сайттарда бұған қатысты әзірге ештеңе айтылмайды. Ал облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хабарласу мүлдем мүмкін болмады. Баспасөз хатшысы ауырып қалған, ал оның орнын алмастырған қызметкердің телефоны жауап бермеді. 24 ақпан 2011, 00:00 5 007 рет қаралды
Азғыр аздырып барады Экология

Азғыр аздырып барады

Зардабы зерттелмеген зобалаң Облыстық әкімдікте Құрманғазы ауданындағы тоқтатылған «Азғыр» полигоны бойынша кеңес болып өтті. Полигон аумағында 10 тәжірибе алаңдары орналасқан. Онда 1966-1979 жылдар арасында түрлі қуаттылықтағы 17 жерасты жарылыстары жасалған. Содан бері бөлінген бәленбай миллион бюджет қаржысына қарамастан, «ұйқыдағы» полигон қауіпсіз боп қалған жоқ, азғырлықтардың өмір сүру жағдайлары да жақсарған жоқ. 23 ақпан 2011, 00:00 7 390 рет қаралды
Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді Экология

Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді

Облыстық әкімдікте «Атырау-жасыл қала» тұжырымдамасын таныстыру рәсімі өтті. Өткен жылғы Корея Республикасындағы Қазақстан жылдарының аясында облыстық әкімдік пен Корея елшілігі арасында корейлік мамандардың Атырау қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын жасақтайтындығы жөніндегі келісімге келген болатын. Топырақ пен өсімдіктерді зерттеумен ғалымдар Чу Ён Гю және Алекс Хон айналысты. Олар тұжырымдаманы сый ретінде тегін жасады. 10 ақпан 2011, 00:00 7 066 рет қаралды