Атырау, 10 желтоқсан 22:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Ербол Қуанов экологиялық айыппұлдар, көгалдандырулар және көшелердегі экомониторлар туралы

8 559 просмотра

«АЖ»-тың кезекті онлайн-конференциясының қонағы  - табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ербол ҚУАНОВ.

 

КАСПИЙ САНАҒЫ

– Ақпан айында сіздің басқарма «Көтеріңкі антропогендік әсер ету жағдайларында Солтүстік-шығыс Каспийдің жануарлар әлемінің жай-күйін зерттеу» жобасының қорытындысымен таныстырды. Осы жобаның келесі кезеңдерін Каспийдің экологиялық бағдарламасы (КЭБ) және «Каспиан Сил Проджект» жобаларымен біріктіруді ұсынған хат жолдадым. Өйткені, КЭБ пен КСП жобаларына ҚР бюджетінен және мұнай компанияларынан миллиондаған долларлар бөлініп, игерілді. Осы хатта қаржы тиімсіз игерілуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірдім. Сондай-ақ, «Көтеріңкі антропогендік әсер ету жағдайларында Солтүстік-шығыс Каспийдің жануарлар әлемінің жай-күйін зерттеу» жобасының барлық материалдарын басқарма сайтына орналастыруға ұсыныс жасадым. Оларды жұртшылық назарына берулеріңізді тағы да өтініп сұраймын.

«Арлан» ҮЕҰ төрағасы Макс БОҚАЕВ

– Жалпы, өкінішкеорай, сайтжиіжаңартылмайды. Бұл кейбір техникалық проблемаларға байланысты. Бұл жаһандық мәселе емес, жасаймыз. Материалдар қазақ тілінен орыс тіліне аударылып жатыр. Дайын болған кезде сайтқа орналастыруға уәде беремін (басқарма сайтының мекен-жайы www.tabigatatyrau.kzЗ.Б. ескертпесі). Егер Максқа қазақ тіліндегі нұсқасы жараса, ертең-ақ басқармаға келіп, алып кете алады.

Аталмыш есептеме – жоба қорытындысы емес, бар болғаны жұмыс бастамасы. Біз ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің пікірлерін тыңдап, олардың ескертулері мен толықтыруларын қосып, келесі жылы жұмысты жалғастырғымыз келді. Мұндай зерттеуді жер қойнауын пайдаланушылар жүргізеді. Бірақ біз мұны өзіміз жасап, болашақта осы мәліметтерді бұрғылау басталған кездегі мәліметтермен салыстыруды ұйғардық. Біз 2010 жылы зерттеуді бастадық. Бірақ бір рет қана байқап көргеннен нақты көріністі білу мүмкін емес. Мұны сізге кез-келген ғалым мен зерттеуші айта алады. Үш жыл бақылаудан кейін ғана қандай да болмасын нәтижелер туралы айту орынды болар. Келесі жылы жұмыстар жалғасады. Қорытындылар мен нәтижелер туралы жұртшылық үш жылдық зерттеу аяқталғаннан кейін танысатын болады.

– Доссорлықтардың растауынша, Доссор поселкесіндегі күкіртті орау терминалында вагондарды тазарту кезінде күкірт қалдықтары қоршаған ортаны ластайды екен. Бұған қатысты не айтасыз?

М. Боқаев

– Доссор поселкесі тұрғындарының көптеген өтініштерінен кейін облыс басшылығының тапсырмасымен облыстық прокуратураға хат жолдадық. «Доссор процессинг» компаниясының қызметіне тексеру тағайындалды. Табиғат қорғау прокуратурасының ұйғарымымен Жайық-Каспий экология департаменті өзі берген рұқсат құжатының мерзімін экологиялық заңнама нормаларының бұзушылықтарын жойғанға дейін тоқтатты. Ал іле-шала осы рұқсаттың күшін жойды. Бүгінде тек мұнай өнімдерінен кейін ғана болмаса, күкірт цистернасын тазартпайды. Алайда комиссия «ТШО» ЖШС-не осындай тұйықтарды Құлсары қаласынан тысқары шығару мүмкіндігін қарастыруға кеңес берді.

– Жайық, Жем, Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстарына, сондай-ақ, осы өзендердің жағалауларын қоқыстардан тазартуға қатысты мәселе қалай шешіліп жатыр?! Бұл жұмыстар жүргізілмейді немесе уақытында атқарылмайды. Сіздің басқарманың сайтынан Жайық өзеніндегі гидромелиоративтік жұмыстардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтауға мемлекеттік сатып алулар қорытындысының хаттама көшірмесін таптым. Бұл бағытта қандай шаралар қолданылады? Облыс тұрғындары әкімшілік өзен арнасын тазалау үшін ресурстар бөледі деп үміттене ала ма?

М. Боқаев

– Жайық өзенінің лайлануын тоқтату үшін не жұмыс жасалып жатыр?

– Соңғы жылдары Жайық өзенінің проблемасы ең өзекті мәселеге айналды. Өйткені бұл тұщы судың бірден бір көзі. Облыс әкімі бұл мәселені өз бақылауында ұстап отыр. Біз ресейлік, батыс қазақстандық ғалымдармен әлденеше рет кеңесіп, өзіміз су түбін тереңдету жұмыстарын бастауды ұйғардық. Дегенмен, Жайықтың трансшекаралық мәртебесін ескерсек, бұл жұмысқа көршілерімізбен бірге кірісуге тиіс едік. Бірақ күтіп отыратын уақыт жоқ. Өткен жылы Жайық өзенінің су көлемін арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені жасақтауға 10 млн теңге берілді. Арна бойынша жинап, тазалайтын бар болғаны 33 қайраң анықталды. Қайраңдар судың дұрыс қозғалуына кедергі келтіреді. Жоғарыда айтып өткенімдей, Жайық өзені трансшекаралық мәртебеге ие. Сондықтан мұндай жұмыстарға республикалық бюджеттен ақша бөлінуі тиіс. 2016 жылға дейін 1,7 миллиард теңге қажет. Біз өтініш жолдаған едік, оны 2012 жылдың бюджеті туралы заң жобасына енгізді. Жобаны тиісті салалық министрліктер мақұлдап, қаржы министрлігі қолдады. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Мемлекеттік сараптама алу кезінде бұл жоба 2012-2016 жылдың бюджетіне енгізілетін болады. Бір жыл ішінде бәрін алып тастауға болмайды – бұл экологиялық тұрғыдан қауіпті. Бұл өте күрделі, қатерлі жоба. Өйткені кейбір қайраңдар уылдырық шашатын орындарға, балықтардың шоғырланатын жерлеріне айналған. Сондықтан біз оларды алып тастай алмаймыз. Мүмкіндігінше олар тазартылатын болады. Кейбір уылдырық шашатын жерлерді немесе балықтар қыстайтын шұңқырларды қозғауға болмайды – мұның бәрі жобада ескерілген. Жобалау-сметалық құжаттама дайын, қазір мақұлдану кезеңінде. 2012 жылдан бастап жұмыс басталады.

 

ҚОҚЫСТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

– Қоқыстарды бөліп жинау жөніндегі жаңа полигондар мен терминалдар қалалық қоқыс орнындағы қоқыс газының салдарынан орын алатын өрт проблемасын шешпейді. Оларды пайдаға асырып, әрі қарай пайдалану керек. Кем дегенде қоқыс полигонының аумағынан жер бөліп, факелдерде өңдеу қажет. Қоқыс газын әрі қарай пайдалану үшін пайдаға жарату өте қымбат тұрады. Алайда бұл жолдан толықтай бас тарту дұрыс емес. Дегенмен факелдерде өңдеу проблеманы тезірек шешуге мүмкіндік береді. Өйткені түтін иісіне тұншыққан қала тұрғындарының тыныс алған сайын ауыр сырқат түріне шалдығу мүмкіндігі де арта түседі. Әкімшілікке қоқыстағы өртті жою жөніндегі үздік жобаға конкурс жариялауды ұсынамын. Өз атымнан қосарым, Атыраудағы мұнай компанияларының әлеуеті бұл проблеманы тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, көлденең бұрғылау көмегімен.

– Қалдықтардың өндірістік және тұрмыстық деп бөлінетіндігінен бастайын. Бұлар тұтыну қалдықтары. Атыраудағы жұмыс жасап тұрған полигондардың бірде-біреуі санитарлық нормаларға сай келмейді. 2010 жылы қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының аясында Экологиялық Кодекс талаптары бойынша 2011-2013 жылдардағы қалдықтарды игеру бағдарламасын жасақтадық. Биылғы жылы біздің басқарма оның таныстырылымын өткізді. Бағдарлама туралы мағлұматтар «Ақ Жайық» газетінде де жарық көрді. Мұндағы идея - облыс аудандарын өз полигондарымен қамтамасыз ету. Желтоқсан басында мәслихат сессиясы болып, онда өкілетті орган ретінде осы құжат бекітілуі тиіс. Алайда атышулы белгілі оқиғалардың салдарынан (мәжілістің таратылуы мен мәслихат құрамының ауысуы – З.Б. ескертпесі), қаңтардан бұрын бекітілмейтін шығар деп ойлаймын. Егер бағдарламаны жергілікті депутаттар бекітетін болса, біз әрбір аудан орталығына арналған полигондардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасаймыз. Бұл барлық заманауи талаптарға сай келетін қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар болмақ. Бізде аудан орталығынан өте шалғайда орналасқан елді мекендер бар болғандықтан, ол жерден қоқысты аудан орталығына тасу тиімсіз болады. Осыны ескере отырып, шалғай ауылдардың өз полигоны салынбақ. Мәселен, Құрманғазы ауданындағы Ганюшкин поселкесіне үлкен полигон және бір-бірінен қашық емес Ұштаған, Сүйіндік, Балқұдық... ауылдары үшін орташа көлемдегі полигондар болмақ.

Жалпы, тек аудандар үшін 10 полигон болады. Қалалық полигонға келер болсақ, ол салынып жатыр. Онда жаңа газтұтқы жүйесі ескерілген. Оңайлатылған сызба мынадай. Қоқыс массасының түбінде саңылаулары бар тұрба болады. Ол жинақталған қоқыс газын тартып, факельдерге жеткізеді.

Жаңа полигон іске қосылған кезде (2012 жылдың бірінші жартыжылдығында), біз нарықты зерттеп, ескі қоқыс орнымен не жасайтынымызды шешетін боламыз, өйткені жұмыс жасап тұрған қоқыс орнына әлденені енгізу мүмкін емес. Мұның екі жолы бар – ластану көзі ретінде бюджет қаржысы арқылы жою керек (мұны Экологиялық Кодекс талап етеді) немесе кәсіпкерлер үшін шикізат базасы ретінде қоқыс орнын пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек (мұның артықшылығы – жою жобасына көп шығын кетеді). Оны, мәселен, қытайлықтарға ұсынуға болады. Олардың қоқысты пайдаға асыратыны баршаға аян. Яғни, бұл проблеманы табиғат пайдаланушылар есебінен шешу керек.

– Қоқысты қалпына келтіру жобасы қанша тұруы мүмкін?

– Техникалық-экономикалық негіздеме жасамай бұл сұраққа жауап беру мүмкін емес.

– Болашақта артық қоқыс жинамай, біреулерге қажетті қоқысты сұрыптап, сатуға не кедергі болып отыр?

– Біріншіден, бұл сұрақты маған қоймаңыз. Қоқыс орнына «Арнаулы автобаза» КМК басшылық етеді, ол соның балансында. Оларға заңды мәртебесі кедергі келтіріп отыр. Қоқыс орнының полигон мәртебесі жоқ. Демек, мұндай келісім заңсыз боп табылады.

– Егер оны жоймаса, бұл қоқыс орны жабылғаннан кейін қанша жыл өртенетін болады?

– Ол бірнеше ондаған жылдар бойы жануы мүмкін.

ЭМИССИЯЛАР ҚОРҒАЛДЫ

– Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игеру мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2012-2013 жылдары мұнай өндіру басталғанша КТҚС-тың барлық алаңдарын міндетті функционалдық аймақтандыру жұмыстары және теңіздегі өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттеу жұмыстары жасалуы тиіс. Яғни, КТҚС-дағы қоршаған ортаның қазіргі табиғи жағдайын тіркеп отыру қажет. Бұл тіркеу экологиялық ахуал өзгерістерін бақылау (мониторинг) кезінде қажет болады. Мұның жүз жыл ішінде Каспий теңізіндегі мұнайды игеру кезінде туындары сөзсіз. Бұл мәселені аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдармен бірге, содан соң үкіметте көтеру керек. Солтүстік-Каспий консорциумының мұнай компаниялары мен мемлекеттік органдар мемлекеттік бағдарламаның осынау маңызды бөлігін жүзеге асырды ма?

«Каспий Табиғаты» ҮЕҰ төрағасы Махамбет ХӘКІМОВ

– Аджип зерттеу жүргізіп жатыр ғой. Ал біз бұл зерттеулерге сенеміз бе деген басқа сұрақ туындайды. Сондықтан біздің басқарма өз бастамасымен осындай зерттеу жүргізіп жатыр.

– Біздің ҮЕҰ пайда болған алғашқы жылдардан бастап (1998 ж.) біз болашақта теңіздегі мұнай өндіру табыстарының есебінен өздерін сақтандырып қойған мұнай компанияларына Каспий табиғаты мен жергілікті халықты арнайы болашақ мұнай табыстарының есебінен сақтандыруды әлденеше рет ұсынған болатынбыз.

Азаматтар мен табиғаттың бұған толықтай құқығы бар. ХХІ ғасырда Теңіз қайраңындағы мұнай компанияларының қызметі осыларға қауіп төндіріп тұр. Мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі депутаттарға (жергілікті деңгейден бастау керек) ҚР заңдарының экологиялық ережелеріне тиісті түзетулер енгізетін және теңіздегі мұнай өндірісінің жағымсыз салдарынан қорғайтын кепілдік ретінде Каспий өңірінің халқы мен табиғаты үшін сақтандыру полисін жасақтап, жүзеге асыратын уақыт келген жоқ па?

М. Хәкімов

– Бұл сұрақты Хәкімов мырзамен әлденеше рет талқыладық. Мұнай компаниялары қор немесе сақтандыру полисін аша алады. Ол жерге болжаулы пайданы салып, әлдебір жағдай бола қалғанда осы қаржыны апат салдарын жою үшін және т.б. пайдалана алады. Сондай-ақ, Каспий теңізінің тұрақты даму кеңесін құру идеясы да, тіпті меморандум жобасы да жасақталды. Бұл идея керемет, кепілдеме депозиті секілді болатын: мұнай өндіргің келсе, есеп-шот аш та, белгілі бір соманы біз үшін кепілдік ретінде ұста. Бірақ бұл заңдық дәлдеуді талап ететін өте күрделі, ауқымды жоба. Кеңесті құру қажет, оның құрамында үкіметтік емес азаматтық ұйымдардан басқа, мұнайшылардың, мемлекеттік органдардың өздері болар еді. Бірақ біз бұл мүмкіндікті жоққа шығармаймыз.

– Жер қойнауын пайдаланушыларға салынған миллиардтаған теңге болатын түрлі айыппұлдар – бонус, роялти не болмаса сыйақы немесе марапат емес, мұнай өндіру мен минералды ресурстарды қайта өңдеу кезінде адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаны саналы түрде уландырғаны үшін қолданылған қарапайым әрі бұлтартпас жаза. Соған орай, мемлекеттік органдар мен жұртшылық осы қаржының 100 пайызының жергілікті бюджетте шоғырлануына немесе оларды аймақтық қордың негізі етуге қол жеткізулері тиіс. Бұл біздің толғағы жеткен экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қажет. Ал құрметті министрліктер үшін өндіріс өнеркәсібінен пайдасымен қоса алатын қаржы жеткілікті. Ол жердегі есеп-шотта миллиардтаған долларлар бар. Біздің ұсынысымыз қандай да болмасын жікшілдіктің немесе жершілдіктің белгісі емес, бұл Қазақстанның басты байлығы – қазақстандықтардың денсаулығы мен табиғатын қорғау үшін қажет.

М. Хәкімов

– Қоршаған ортаны қорғау министрлігі республикалық қордағы эмиссия үшін төлемді орталықтандыру идеясын қолдайды. Ол маған ақылға қонымсыз көрінеді. Тек маған  ғана емес, басқаларға да солай көрінетіндігіне сенімдімін. Зиянды улар біздің өкпемізге түседі, ал өтемақыны Астана алып жатыр. Профильдік министрліктеріңізді тоқтату үшін қандай шара қолданасыздар? Экологиялық төлемдер бойынша қордағы экологиялық айыппұлдардың қанша пайызы Атыраудың үлесінде?

– Бәрі дұрыс. Бірақ, әзірге Бюджет Кодексі бұл мәселені реттеп отыр. Барлық «айыппұлдар, әкімшілік жазалар мен қоршаған ортаға тигізілген зиян сомалары» республикалық бюджетке жіберіледі. Қолданыстағы заңның талабы осындай. Бұл заң, оның дұрыстығын немесе бұрыстығын ешкім де талқыға салмайды. Бірақ пікірлер болуы мүмкін. Эмиссия үшін төлемақы – салық төлемдерінің бір түрі. Сондықтан да жергілікті бюджетке түседі. Айыппұлдарды облыстық бюджетке қалдыру қажеттілігі туралы мәселе төлемақылармен қатар әлденеше рет көтерілді. Әрине, бұл көптеген проблемаларды шешер еді. Бірақ қаржы министрлігі айыппұлдарды республикалық бюджеттен қаржыландырып отырған органдар салып отырғандықтан, олар сол жерге жіберілуі тиіс деген ұстанымда болды.

Екінші сұрақ бойынша нақтылап айтсақ, эмиссия үшін төлемдер орталықтандырылса, өкілетті органның (қоршаған ортаны қорғау министрлігі) өзі оларды кейін бөлсе деген идеяны айтып отырған қоршаған ортаны қорғау министрлігі емес, сенат депутаттары. Атырау облысының проблемасын министрдің шешетіндігіне кепілдік бар ма?! Зиян бізге тиіп жатыр, жапа шегіп отырған жергілікті халық, ауыр сырқаттар бойынша көрсеткіштер бізде артып жатыр... Сонда әңгіме неде болып отыр?! Біз осы мәселені министрлікте қорғап қалдық. Эмиссия үшін төлемақы біздің бюджетте қала береді.

Мұндай қордың қанша пайызы Атыраудың үлесінде екендігін дәл айта алмаймын. Бірақ Астанада ешкім де эмиссия төлемдері тікелей республикалық бюджетке түсетіндігін ескермейді. Бұл менің баламалы пікірім. Түсіндіріп өтейін. Бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер облыстық бюджеттің кіріс бөлігін құрайды, яғни ортақ қазынаға түседі. Біз донорлық облыс болғандықтан бізден республикалық бюджетке алымдар алынады. Ал эмиссия үшін төлемдер ортақ кіріс бөлігін құрайтындықтан, алымдар оларға да қатысты. Мәселен, 2008 жылы облыс бюджетіне тек эмиссия үшін төлемдерден 10 миллиард теңге түсті. Олардың 18-20 пайызы республика қазынасына түсті.

 

ТӘЛІМБАҚ ТА, СУАРУ ҚҰБЫРЫ ДА БОЛАДЫ

– Қаланы және кейбір аудандарды көгалдандыру жөніндегі жоба жұртшылыққа біраз ой тастады. Көптеген қалалықтар  Атыраудың топырағына экзотикалық ағаш түрлерін отырғызу идеясының ақырына дейін ойланбастан қабылданған шешім екендігін әділ байқай білді. Атырауда басқа қалалардың тәлімбақтарынан әкелінген көшеттерді де отырғызу  бұдан шығар жол емес. Атырауда сонау 60-70-ші жылдары болған тәлімбақтарды, орман шаруашылықтарын қайтадан жандандыруды ұсынамын. Сондай-ақ, осы жағдайды пайдалана отырып, мына бір ұсыныстарымды да айта кеткім келеді: жыл сайын мыңдаған қара ағаштар тоннаға жуық тұқымын береді, ал, оны іс жүзінде қалалық қоқыс алаңына тасып, өртеп, адамдарды улайды. Егер осы тұқымдарды отырғызу, күту және жинақтауды жүйелендіретін болсақ, онда кем дегенде бір проблеманы, яғни, қаланы көгалдандыру мәселесін аса көп шығын жұмсамастан шешуге болады. Қарағаштың  қай жерде де, қандай жағдайда да шыға беретіндігін баршамыз жақсы білеміз. Қарағаштың тұқымын өсіру үшін екі негізгі факторды қаперге алған жөн: қараңғылық және су. Өткен жылдың көктемінде мен аса терең емес (10-15 см) шұңқырға қарағаштың бір келідей тұқымын көміп тастап,  суарып тұрдым. Нәтижесінде – 20-30 бұтақ пайда болды.  Қаланы көбейтудің осы әдісімен айналаса отырып, көгалдандыру керектігін ұсынамын. Ал, егер әкімдік суаруды да өз мойынына алатын болса, онда Атырау сөзсіз жасыл қалаға айналады.  

– Облыс әкімінің бастамасымен Атырау қаласын және оған жақын маңдағы аумақтарды 2020 жылға дейін көгалдандыру бағдарламасының жасалғандығы газет оқырмандарына жақсы таныс. Осы бағдарлама аясында барлық мүмкін-діктер мен барлық жолдар қарастырылуда. Менің түсінуімше, әңгіме бұл жерде метасеквая туралы болып отыр. Бірақ, бұл мәселе бізге қатысты емес, бұл жобамен қалалық әкімдік айналысты. Мен орман қорғау жолағымен айналысамын. Оқырман дұрыс айтып отыр, егер біз миллиондаған ағаш отырғызатын болсақ, бізге тәлімбақ міндетті түрде керек. Махамбет ауданының аумағынан біз тәлімбақ жасау үшін учаске таңдап алдық. Суару құбырлары таяу жылдарда орнатылатын болады. Бүгінгі күннің өзінде 77 шақырымдық су құбырының құрылыс жобасы қарастырылуда. Бұл қалалық көшеттерді суару проблемасын 90 пайызға дейін шешетін болады.

 

ҚАШАҒАН МҰНАЙЫН АЛҒАН КЕЗДЕ, СЕН ҚАЙДА БОЛАСЫҢ?

-Сіздің жасыңыз қаншада, отбасыңыз бар ма? Сөзіңізге қарағанда, сіз жас көрінесіз және біздегі «ғасыр жобаларының» (Қашаған, АМӨЗ-ғы хош иісті кешен, Қарабатан және т.б.) барлығы бірдей іске қосылғанда жылдамдатып Астанаға көшу үшін мансап биігіне көтеріліп келесіз бе?

-Менің жасым 30-да, отбасын құрғаным жоқ, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің заң факультетін 2002 жылы аяқтағаннан кейін еңбек жолымды бастадым. Екінші мамандығым мұнайшы. 2003 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істеп келемін. Бір-екі жылдан соң қайда боламын? Оны мен білмеймін. Мен мемлекеттік қызметкермін және ант бергенмін, егер мемлекет мені қай аймаққа жіберсе де, мейлі ол  Семей, не Астана болсын жұмыс істеуге дайынмын. Ал, Атыраудан қашайын деген ойым жоқ. 

– Маған өлкеміздің экологиясы мен адамдардың денсаулығына төніп тұрған қауіп жөнінде бірсыпыра мәліметтер белгілі. Өзімді қорғау мақсатында жасырын  қалып, сол мәліметтермен қайда хабарласқаным жөн? 

–Маған қоңырау шалыңыз. Бұл әрине, шетелдік компанияның қызметкері болуы керек, өйткені мұндай әрекеттер солардың тарапынан байқалады,  олар жұмыстарынан айырылып қалудан және ізіне адамдар түседі деп қорқады. Маған хабарланған кез-келген мәліметтерді өзім  қайтадан тексеріп немесе оларды тексеруге қабілетті органдарға жібере аламын. Ал, құпиялылық сақталады.

–Топырақ алу үшін карьерді ала алмай отырмыз, мораторий мерзімі қашан аяқталады және оның қаншалықты қажеттілігі бар? 

–2007 жылдан бері жарияланған мораторий әлі аяқтала қойған жоқ. Оның мерзімінің қашан бітетіндігі белгісіз. 

– Біздің экологиялық заңнамаларымыз жер қойнауын пайдаланушыларға бізді улауға және миллиардтаған айыппұлдармен сол айыбын шаюға мүмкіндік береді, ал, сіз және сіздің әріптестеріңіз сол салынған айыппұлдар туралы рапорттар беруді ұнатады. Сол заңдарды күшейтіп, оларды дәл біздің заңдарымызбен және біздің экологиялық мүдделерімізді сақтау аясында жұмыс істеуге неге мәжбүрлемейміз?! Экологиялық талаптарды орындауды, жоғары техникалық қауіпсіздік режимін сақтауды неге талап етпейміз?

–Алақол жер қойнауын пайдаланушыларды жауапкершілікке тарту үшін қолданылатын нақты шаралар бар. Олардың жұмыс істеуге берілген рұқсатының жойылуы өз кезегінде олардың қызметінің тоқтатылуына және лицензиясынан айырылуға әкеп соқтырады. Мұнымен айналысатын өкілетті орган бар, ол қоршаған ортаны қорғау министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері. Айыппұлдарға келетін болсақ, кез-келген заң бұзушылық әрекеттер жазаланады және жазаланып та отыр. 

-Ерік Мостовой не болды? Бұл жоба әлі де бар ма, әлде тоқтап қалды ма? Оның құрылысы аяқталып па еді? 

–Ерік көгалдандыру бағдарламасында іске қосылатын болады. Каналдың жиегіне орман жолағы жасалады, ал, Еріктің суы ағаштарды суару үшін қолданылады. Бұл жобаға қатысты жұмыстың аяқталғандығы  туралы ештеңе айта алмаймын, өйткені, бұл жоба менің бұл жердегі жұмысым басталғанға дейін  жасақталды.

 

ҚАЗАНШЫНЫҢ ӨЗ ЕРКІ БОЛА МА?

–АМӨЗ өз қаржысының есебінен адамдардың денсаулығына тексеру жүргізуде, ал, кейін қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса да болмай ма? Нәтижелер қандай?

–Оның қорытындысы туралы айтуға әлі ертерек, тексерулер әлі де жүргізіліп жатыр. АМӨЗ атына тұрғындардан шағым көп түсті. Сондықтан да қоршаған ортаны бағалау жөніндегі облыстық комиссияның отырыстарының бірінде зауыттың және қала маңындағы басқа да өндірістік нысандардың халықтың денсаулығы мен Атырау қаласының қоршаған ортасына әсер етуіне қатысты кешенді  тексеру жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылданған болатын. Жер қойнауын пайдаланушылардың өздеріне мұндай тексерулерді төлеу тәжірибесі қаншалықты заңды? Бұл жұмыстың техникалық міндетін комиссия мақұлдады және ғалымдар, Мұфтах Диаров, өкілетті органдармен ҮЕҰ қараған еді. Соған сәйкес жұмыс қорытындыларын да сол адамдар қабылдайтын болады. Егер ол нәтижелер сол адамдардың көңілінен шықпаса, демек, біз де сенбейтін боламыз.   

–Соңғы кездері теңіздегі мұнай ағатын ұңғылар туралы  ештеңе айтылмайтын болды, демек, олардың барлығы бірдей тоқтатылды ма? Олай ету мүмкін бе еді? Өйткені олардың тұрақты ортасы тұзды теңіз су емес пе, ал олардың тоқтатылуы тұрақты нәтиже беруге кепіл бола алмайды. 

–Апатты ұңғылар бүгінде бар, алайда, бұл ұңғыларды жою жөніндегі жұмыстарды жыл сайын қаржыландыру азайып келеді. Біз осы мәселемен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне хабарластық, жұмысты жеделдетуге және бұл мәселені түпкілікті жоюға қол жеткізуді көздеп отырмыз. 

–Жақында  Балбұлақ және Тасшағыл мемлекеттік табиғат қорықшаларын құру үшін жер учаскелерін резервке алу жөніндегі хабарды оқыған едім.  Өте жағымды жаңалық екен. Сондай-ақ, Жылыой ауданының аумағында Иманқара деген жердегі бор тауларының айналасында ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру жөніндегі ұсынысым да бар. 

М. Боқаев

–2008 жылы біздің басқарманың өтініші бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын  табиғи аумақты құру сызбасы жасақталған болатын Бұл құжат қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру үшін негіз болып табылады. Нәтижесінде біз Балбұлақ және Тасшағыл табиғи қорықтарын құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) және табиғи-ғылыми негіздеме (ТҒН) жасадық. Ал, бүгінгі күні біз учаскелерді резервке алумен айналысудамыз. Биылғы жылы біз бұрын жасақталған сызбаға қосымшалар енгіздік, оған Иманқара, Ақкерегешін, Желтау бор тауларын енгіздік. Енді ТЭН және ТҒН бойынша жұмыстар қалып тұр.

–ТШО-ның танымал болған 37 миллиард айыппұлын қалай бөлдіңіздер?

–Ол кезде мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Жайық-Каспий экология Департаментінде заңгер болып жұмыс істедім. Бұл процеске жеке өзім де қатыстым. Ақша облыста қалды, оларды бөлуге менің ешқандай қатысым болған жоқ. Алайда,  маған сол қаржыға жағалауды бекіту құрылыстары, көпір, жолдар және басқа да көптеген жұмыстардың жасалғандығы белгілі.  

–Кез-келген өндірістік кәсіпорынды қоршаған ортаны бүлдіретін  жылу шығарындылары үшін жауапкершілікке тартуға болады, алайда, заңнамаларда бұл мәселе нақты және жеткілікті түрде көрсетілмеген және осылайша ол сыбайлас жемқорлыққа себеп бола алады. Эмиссияның бұл түрінің есебі қалай жүргізілуде?  

–Жылу шығындыларының зиянын есептеу әдісі бұрын болғанымен, қазір жоқ. Кәсіпорынның  өзі есептеп, өзі төлейді. Олардың қалай төлейтіндігі қоршаған ортаны қорғау министрлігіне мәлім. Алайда, жағдай дәл осылай.

– «АДАНИ» компаниясы Қарабатанда «Батыс Ескене санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Оның тапсырысшысы Аджип ККО болып табылады. Көшеттер Қазақстанның 5 тәлімбағынан әкелінуде. Ең ірі жеткізуші атыраулық «ЭкоСтройСтандарт» ЖШС-нің үлесінде барлық отырғызылатын материалдың 50% бар. Осыған байланысты біз облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ қабылдаған көгалдандыру бағдарламасы аясында біздің ірі компаниялардың көздеп отырған жобалары туралы білгіміз келеді. Біз санитарлық-қорғау және орман қорғау аймақтарын, саябақтарды жобалау,  сондай-ақ, отырғызылатын материалдар түрлілігін қалыптастыруға белсенді түрде қатыса аламыз ба? Дәл бүгінгі сәтте бізде қаланы көгалдандыру әдісіне және құрылымына жағымды өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін бірнеше жобалар мен ұсыныстар бар.

«ЭкоСтройСтандарт» ЖШС директоры Берікбай ӨМІРОВ

– Аджип шынында да 22 қарашада санитарлық-қорғау аймағын жасақтау жұмысын бастамақшы. Басқа да шетелдік компаниялар бұл жобаға қатысады. Қай компанияға қандай учаскелер бекітіліп берілді, ол туралы ақпарат БАҚ-да болды. АМӨЗ және  ҚазТрансОйл қазір біздің ұсынысымызды қарап жатыр, олар «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының «еншілес» бөлімшелері болғандықтан бұл мәселені өз бетінше шеше алмайды, ол мәселе республикалық деңгейде шешілетін болады. Бізден бұған сәйкес хат жолданды. Мен жеке өз басым Өміровпен және басқа да облысты көгалдандыруға өз үлесін қосқысы келетін мамандармен кездесіп, олардың ойларын талқылағым келеді. Біз кез-келген ұсынысты қабылдаймыз, әдісін іздестірудеміз, біз тіпті, Одақ кезінде жасақталған әдістермен де танысып көріп жатырмыз. Оның үстіне біз бұл компанияларды серіктестік ретінде ұсына аламыз.

–Индер түбіндегі борат рудаларын өндіру қайта жандандырылмақ па?

– Иә, онымен «КазИнвестНедра» АҚ айналысуда. Қазір олардың күшімен бор қышқылын шығару зауытының құрылысын таяу арада бастау жөніндегі мәселе қарастырылуда. Бәлкім, ол келесі жылы-ақ басталуы мүмкін.

 

БӘРІН БІЛГІМІЗ КЕЛЕДІ: ҚАЛА НЕМЕН ТЫНЫСТАП ОТЫР?

–Атмосферадағы  зиянды заттардың мөлшерін өлшейтін және  қала көшелерінде, сондай-ақ, интернетте орнатылған монитордан мәліметтерді көрсете білетін құралдарды орнату мүмкін бе?

–Қазір қала бойынша Аджиптің 20 стансасы және АМӨЗ-ның 4 стансасы орнатылған. Олар қазір түрлі мәліметтер беріп отыр. Мәселен, аджиптік станса қоспалар құрамының артып кеткендігін көрсетсе, ал, зауыт стансасы оны көрсетпейді. Қызық емес пе? Біз қазір алынған нәтижелерді талдап жатырмыз, оның қорытындысы келер жылдың қаңтар айында жарияланатын болады. Мониторларға келетін болсақ, мен оның соншалықты қажеттілігін көріп тұрғаным жоқ. Табиғат адамның сезу қабілетінен асқан таңдаулы құралды ойлап тапқан жоқ. Егер мұрыныңыз бір нәрсені сезді ме, демек, оған сенімді болыңыз. Мәселен, айталық, былай деп жазылған болсын: күкіртсутегінің деңгейі нормадан 3 есе асып кетсе, сонда қалалықтар герметикалық капсулаларға тығылуы керек пе?! Ал, ондайлар бар ма?

–Техникалық жағынан алғанда бұл мүмкін бе? Менің ойымша, бұл бір керемет идея. Жұтып отырған атмосфералық ауамыздың жағдайы туралы мәлімдейтін ақпараттық тақтаның біздің қаладан басқа қай жерде қажеттілігі басым болуы мүмкін. Қалалықтар өздерін улап жатқандығын білуге құқылы. Ал оған кінәлілерді тауып,анықтау басқаның ісі, айталық, табиғат қорғау прокуратурасының. Мұндай гаджеттің болуы қоршаған ортаны қорғауға жауапты органдарды айтарлықтай жұмылдырған болар еді.  

-Сендірдіңіз, оның бір керемет жері бар, бұл ұсынысты қарау керек. Мен бұл сауалды атмосфералық ауа сапасы автоматты мониторингі стансасының иелеріне қоятын боламын. Мәселенің техникалық жағын біле бермеймін, бірақ, түсінуге тырысамын. Егер олар мүмкін болса АМӨЗ бен Аджипке оны орнатуға ұсыныс беремін.

Жазып алған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген  В. Истомин

23 қараша 2011, 18:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.