Атырау, 27 қараша 19:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Ақжайық» ЮНЕСКО тізіміне енеді

10 403 просмотра

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи  резерваты ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіміне кіруге дайындалуда. Қазір номинациялық құжаттардың дайындығы жүргізіліп жатыр. 

Жергілікті биологтар бірнеше жылдан бері биотүрлілік және экологиялық туризм мониторингін біріктіруге мүм-кіндік беретін «Жайық өзені атырабының паркі» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Өткен жылдың күзінде барлық ниет білдірушілер облыстық әкім-дік пен  ЕNI компаниясының қолдауымен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және Болония университетінің (Италия) халықаралық серік-тестігінің аясында таныстырылған бірнеше туристік маршруттарды бағалай алған еді. «Жайықтың оң жағалауындағы» оң жақ тармағына сулы-батпақты жерлердің жануарлар әлемін бақылау үшін шолу мұнарасы салынды, туристер үшін велосипедтер мен дүрбілер сатып алынды.

«Енді біздің резерватты ЮНЕСКО тізіміне міндетті түрде енгізу қажет болып тұр,-дейді «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ғылым және мониторинг бөлімінің бастығы  Александр ИВАСЕНКО. - Өйткені, іс жүзінде ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы биосфералық резерваттарды жергілікті халықтың мүдделері мен  жалпы қоғам арасындағы ымыраға келу нәтижесінде қол жеткізген аумақ ретінде қарайды. Бұл біздің резерват үшін ұтымды жол болып табылады, ол ерекше қорғалатын табиғи аумақты сақтап қана қоймай, оны адамдардың игілігі үшін пайдалануға мүмкіндік береді».

Желтоқсан айының басында Италияда, Болония университетінде іскерлік кездесу болды. Кездесуге қазақстандық тараптан  ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасының ұлттық комитетінің төрағасы Р.Ященко, Біріккен ұлттар ұйымының дамыту бағдарламасының өкілі Т.Кертешев және «Ақжайық» резерватының өкілдері де қатысты. А.Ивасенконың айтуынша, Болония университеті және «Ақжайық» МТР арасындағы серіктестік жөніндегі келісім шарт ұзартылып, «Ақжайық» МТР-ын ЮНЕСКО тізіміне енгізу жөніндегі құжаттар дайындалған екен. Бұл мәселе ақпан айында талқылауға ұсынылмақшы. Сондай-ақ, құжаттарға жалғануға тиісті «Ақжайық» МТР жөніндегі бейнефильм түсіруді қаржыландыруды Болония университеті өз мойынына алмақ. Бұдан басқа, итальяндық тараптың қаржысына Астанада, Атырауда және Астраханда «Ақжайық» резерватының сулы-батбақты жерлерінің биотүрлілігі» деген тақырыпта фото-сурет көрмесі ұйымдастырылатын болады.

«Өткен жылдың қыркүйек айында ұсынылған маршруттарды аралаған итальяндық туристік фирмалардың өкілдері «Каменный» учаскесіндегі иесіз қалған ғимаратқа назар аударған еді,-дейді А.Ивасенко. - Өткен ғасырдың басында ол жерде балықты қабылдау қосыны болған. Олар сол жерді визит-орталық жасау керек деген ұсыныс беріп отыр. Ол жерде экскурсия жетекшілері ғимараттың тарихын баяндап, сол жерлерде сый-кәделер сатылатын болады. Оның бәрін қаржыландыруды итальяндықтар өз мойындарына алып отыр».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 қаңтар 2012, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.