Атырау, 4 қараша 23:04
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Зерттеуді зейнеткер Шыңғысов жүргізіп жатыр

3 740 просмотра

26 қазан күні Жылыой ауданының азаматтары Асылбек ШЫҢҒЫСОВ пен Станислав ЕМЕЛЬЯНОВ саятшылықтан келе жатқанда Құлсары қаласынан 80 шақырымдай жерде Каспий теңізінің жағасында орналасқан Асанкеткен кен орнында қара үйінділерді көрген.  Бір сөзбен айтқанда бұл мұнай қалдықтары еді.

Мұны анықтау бұрын экология саласында жұмыс істеген мұнайшы-зейнеткер Асылбек Шыңғысов пен оның серігіне қиынға түскен жоқ.  «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ-на тиесілі бұрғылау мұнарасы мұнай қалдықтары төгіліп жатқан жерден батысқа қарата 4 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Айналада одан басқа ешқандай кен орындары жоқ.

Асылбек Шыңғысов үйінді мен бұрғылау мұнарасын суретке түсіріп, мұнай қалдығынан сынама үшін бір уыс   алған. Ол мекеме басындағы  жұмысшылармен де  жолық-қан. «Мекемеге барсақ, жұмысшылар біз емес төккен мердігерлер, деп әр жерге сілтеді. Біз басшысын сұрап едік, ештеңе айтпады» деді ол. 

Шыңғысовтың айтуынша, өзі алған мұнай қалдығының сынамасын заң бұзып отырған мекемеге тиесілі бұрғыланып жатқан мұнай қалдығымен салыстырса, бәрі анықталады.

- Мен өзім эколог болғасын, экологиялық мекемелердің қулығын білемін. Асанкеткен деген таза, құнарлы жер. Табиғатты бүлдіріп жатыр. Олар негізінде заңды төгетін жерге төгулері керек. Жерді бұрғылағанда, жер бетіне әуелі химикат жібереді. Түрлі ұнтақ жіберіп, тереңдеген сайын жер бетінен қалдықтар шығады, - деді Шыңғысов.    

Біз бұл мәселе жөнінде сауал жолдаған Табиғат қорғау прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН Жайық-Каспий экологиялық департаментіне «Оңтүстік Мұнайгаз»  компаниясына тексеру жасау жүктелгенін мәлімдеді. Тексеру  Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы  бақылауында болады. Ал Жайық-Каспий  экологиялық департаменті бастығының орынбасары міндетін атқарушы  Қабижан ҚАПАНОВ нәтиженің  қосымша  хабарланатынын айтты.

Айнұр САПАРОВА

10 қараша 2011, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.