Атырау, 21 желтоқсан 13:07
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Моторлы қайықсыз қандай агент?

2 275 просмотра

Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері  биылғы жылы жемқорлыққа қатысты елуден аса заң бұзушылықтарды анықтады.

Табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Данагүл ҚОЗЫБАЕВАНЫҢайтуынша, тексеру қорытындысы бойынша заңсыз актіге 7 наразылық және 12 түсініктеме енгізілген, 8 ұйғарым қаралып, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке 8 тұлға тартылған.

Мәселен, Жайық-Каспий экология департаментінде шағымдарды қарау мерзімін бірнеше рет бұзған қызметкерлердің біріне міндетті қызметін  толыққанды атқармағаны үшін  ескерту берілген. Облыстық ТЖ жөніндегі департаментте кейбір шаруашылық субъектілерін әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз босатқаны үшін бірден үш адам сөгіс алды.

Ал, балық қорғау инспекциясында мүлікті дұрыс декларацияламау фактісі анықталды. Бірқатар инспекторлар өздеріндегі моторлы қайықтары мен жер учаскелерін көрсетуді «ұмытып» кеткен.

Лев ГУЗИКОВ

17 қараша 2011, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.