Атырау, 21 желтоқсан 12:48
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қарабатан күкірті жабық күйде сақталмақ

7 455 просмотра

Бұл туралы Солтүстік-Каспий жобасының нысандары бойынша  шетелдік және қазақстандық журналистердің қатысуымен өткен медиа-тур барысында  белгілі болды.

Нақты айтқанда, күкірттілігі жоғары газды өңдеу, сондай-ақ, күкіртті қауіпсіз және тиімді пайдаланудың, әсіресе 1-ші кезеңде өте маңызды екендігі мәлім. Келесі кезеңдерде газдың көп бөлігін кері жер қойнауына айдау жоспарланып отыр. І-ші кезеңде жоғары күкіртті газды тазарту «Болашақ» зауытында жүзеге асырылатын болады. Зауыт жылына орта есеппен 1,1 млн. тонна күкіртті өңдеуге қабілетті.

І-ші кезеңді жүзеге асыруға жауапты компания-агенті «Аджип ККО» компаниясының басқарушы директоры Умберто КАРРАРА  күкірттің  консорциум үшін қалдық емес, тауар екендігін мәлімдеді. Барлық өндірілген күкіртті консорциум экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Ал, оны жүзеге асыру әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болады.

Күкіртті «Болашақ» зауытының аумағында уақытша сақтау үшін 6 күкірт картасы қарастырылған.  «Аджип ККО»  компаниясының құрылықтағы кешен жөніндегі менеджері Луки МОРИДІҢ айтуынша, мұнай өндіру және күкіртсутекті шикізатты әрі қарай қайта өңдеудің үдемелі кезінде карталарда 4 млн. тоннаға дейін күкірт сақталуы мүмкін.  

- Біз күкіртті жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып сақтайтын боламыз. Қондырғыдан сұйық күйде келетін  күкірттің астында геомембрана қабаты болады, сол қабат топырақтың төменгі қабаттарының бүлінуіне жол бермейді. Күкірттің үстіңгі жағы да геомембран қабаты  және арнаулы өңделген ағаштан жасалған материалмен жабылады. Ол материалды біз Ресейден аламыз. Бірақ, іс мұнымен біте қоймайды. Күкірттің жабылған қабатының ең үстіне құм толтырылған қапшықтар салынады.

«Теңізшевройлға» қарағанда Қарабатанда күкіртті экспортқа шығарар алдында уатқан күйде жіберу көзделіп отыр.

- Біз оны Теңіздегі секілді шаңның түзілмеуі үшін ұсақтайтын боламыз,- дейді Умберта Каррара. - Өткізер алдында күкіртті қыздыру арқылы қайтадан сұйық күйге келтіреді де, одан соң қатты түйіршіктерге айналады.

Ол сондай-ақ, тауарлы күкіртті сату үшін консорциумның «Ескене West» компаниясын құрғандығын хабарлады. Экспорт теміржол бойынша жүзеге асырылатын болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

19 қазан 2011, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.