Атырау, 5 қазан 11:06
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Төгілген мұнай қалдықтары қайда?

4 256 просмотра

Жылыой ауданындағы Асанкеткен кен орындарындағы төгілген мұнай қалдықтарына  тексеру жүргізген Жайық-Каспий экология департаменті ештеңе  таппады.

- Төгіліп жатқан қандай да бір қалдықтар анықталмады, яғни, экологиялық заңнамаларды бұзушылық фактісі орын алмаған. Тексеріске зертханалық-талдама бөлімінің мамандары тартылды. Алайда, зертханалық-талдама жасау үшін сынама алуға, қалдықтардың жоқтығы себепті мүмкіншілік болмағандығын хабарлаймыз, - дейді Жайық-Каспий экологиялық департаментінің бастығының орынбасары және Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Қабижан ҚАПАНОВ.

Оның айтуынша, тексеріс кезінде «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ Самек Интернешнл» ЖШС-мен келісім-шарт негізінде бұрғылау жұмыстарымен айналысатындығы анықталды. Бұрғылау жұмыстары кезінде пайда болатын қалдықтар тапсырыс беруші «Самек Интернэшнл» ЖШС мен арнайы мамандандырылған мекеменің күшімен шығарылатындығы белгілі болды.

Еске сала кетсек,  бұған дейін Жылыой ауданының Асанкеткен кен орнында заңсыз төгілген мұнай қалдықтары жайлы жазған болатынбыз.  («ЖС», №45, 10 қараша, «Зерттеуді зейнеткер Шыңғысов жүргізіп жатыр»). Жылыойлық Асылбек Шыңғысов мұнай қалдығын суретке түсіріп алып, ал сынамасын Жайық-Каспий экология департаментіне әкеліп тапсырған еді.

Айнұр САПАРОВА

12 қаңтар 2012, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.