Атырау, 27 қараша 11:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Болашақ» зауытында көшеттер бой көтермек

5 495 просмотра

«Ақ Жайық» газетінің өткен санында біз алдағы уақытта көгалдандыру үшін табиғат пайдаланушылар арасында қала учаскелерінің бөлініп берілгендігі туралы хабарлаған едік. НКОК-Аджип ККО компаниясына  ең бір қиын деген учаскелердің бірі  - Алмагүл мөлтек ауданы бұйырды. 17 қазан күні «Болашақ» зауыты бойынша жасалған медиа-тур кезінде компания өкілдерінің бірі жергілікті жердің ерекшеліктері туралы біліп: «Біз бұл шараны толық жүзеге асыра аламыз» деп мәлімдеді. Ал журналистер үшін «Болашақ» зауыты маңында «жасыл жолақты» құру барысындағы  жұмыстың басталғандығы туралы ақпарат тосын сый болды.

 «Аджип ККО» компаниясының құрылықтағы кешен  жөніндегі жоба менеджері Лука МОРИДІҢ хабарлағанындай, бірінші кезең аясында «Болашақ» және вахталық поселке аралығындағы жер учаскелері игерілетін болады.

- Бірінші кезеңде біз 170 мың ағаш пен көшеттерді отырғызуды жоспарлап отырмыз. Көгалдандыру жұмысына жергілікті мердігер «Адани» компаниясы тартылды. Бүгінгі күні көшеттер отырғызылатын шұңқырлар дйындалып, болашақта суару үшін құбырларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылдан бастап суды тазарту бойынша өндірістік қондырғыны орната отырып, жүзеге асыру жоспарлануда. Өсімдік қарашіріктері әкелінеді, ол көп керек болады. Екінші кезеңде осындай жұмыстар таяу маңдағы поселкелерде жүргізілетін болады. Көшеттерді отырғызу осы күзден басталады, алдағы көктемге дейін біздің тәлімбақтан алынған көшеттерді отырғызу жоспарлануда.

Бұл тұрғыда тәлімбақ деп шағын жер учаскесінде жергілікті жағдайға бейімделіп кетуі үшін  отырғызылып, өсірілген көшеттер алаңы туралы айтылып отыр.

Таяу жылдарда компания үлкен орман тәлімбағын жасамақ. Онда 300 мыңдай ағаш отырғызылады деп жоспарлануда, болашақ тәлімбақ жергілікті декаративті және жеміс беретін ағаш түрлерінің, сондай-ақ, жойылып кету қаупі бар жергілікті ағаштарды сақтап қалу және көбейту орынына айналмақшы. Көгалдандыруға «Болашақ» зауытының маңындағы 48 га аумақ кіреді. Ол жерге жалпы саны 280 мың жергілікті және жеміс ағаштары отырғызылатын болады. Болашақ көшеттерді суару тәсілі тозаңдану және тамшылата суару  жүйесі бойынша жүргізіледі. Оған «Болашақ» зауытының булану тоғанындағы өңделген ағын су пайдаланылады. Шамамен жылына кем дегенде 250 мың текше метр жер асты суы екінші қайтара қолданылатын болады.

- Жасыл аймақтардағы  ағаштар мен көшеттер экологиялық жүйені құрай отырып, бірте-бірте бүкіл аумаққа таралатындай жабдықталуы тиіс. Бірнеше жылдардан соң аумақтың 70 пайыздан аса бөлігі суарылмайтын болады. Құрылыс жұмыстарына тек қазақстандық компаниялар жұмылдырылады, - деп сендіреді «Аджип ККО» компаниясындағылар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

20 қазан 2011, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.