Атырау, 9 желтоқсан 21:46
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Ауа тазармаса, айыппұлдан не пайда?

3 017 просмотра

«ТШО» ЖШС 2010 жылдың шілдесінде орын алған   ілеспе газды заңсыз ауаға шығарғаны үшін 1,7 млрд теңге көлемінде айыппұл төледі.

Күні бүгінге дейін ірі шетелдік компания айыппұл сомасымен келіспей, қоршаған ортаға келтірілген залал өтемақысын төлеуден бас тартып келді.

Бұған қатысты мән-жайды бізгеЖайық-Каспий экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Айгүл ХИНЕКИНА әңгімелеп берді.

«2010 жылдың 3-ші шілдесінде «Теңізшевройл» бізге магистральды газ құбырында тауарлы газды жағу туралы хабарлады. (Экологтардың бізге түсіндіргеніндей, мұндай штаттан тыс жағдайлар барысында, мәселен, құрылғы тетігі істен шығып,  бірақ, газ сиымдылықтағы қысымда қалған болса, қауіпсіздік мақсатында жағылады.-С.Т.) Біз 180 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұлды өндіру және айыппұл салу жөніндегі қаулы шығардық. ТШО оны өз еркімен төледі. Кейін біз келтірілген залал мөлшерін жаңа әдіс бойынша қайта есептеген кезде, ол - 1 715  291 566 теңге болды. Оның мәнісі мынада еді, апатпен тең келетін бұл жағдайды біз жоғары нормативті шығарылым деп бағаладық. Алайда, ТШО мұнымен келіспей, төлеуден бас тартты».

2011 жылдың қаңтарында Жайық-Каспий департаменті ауданаралық экономикалық сотына ТШО-дан залал мөлшерін өндіріп алу жөнінде талап арыз берген еді. Сот департамент пайдасына шешіп берді. ТШО-ның облыстық сот алқасына берген кассациялық шағымы қанағаттандырылмады. Нәтижесінде «Теңізшевройл» экологтар келтірген заң бұзушылықтарды мойындап 1 715 291 566 теңгені төледі, департаменттегілердің айтуынша, бұл ақша  республикалық бюджетке аударылған.

А. Хинекинаның айтуынша, Теңіз кенішінде шикі (тауарлы) газды факелде жағу – барынша жиі орын алатын жайт көрінеді. «Мұндай жағдай айына 2-3 рет, кейде тіпті, одан да көп болып жатады. Олар бізге мынадай күндері шикі газ жағылады деп хабарлайды, біз факті бойынша тексереміз. Келтірілген залал көлемі қандай газдың жағылғандығы, көлеміне және жиынтықтарына байланысты болады. Оларда мұның бәрі компьютерде сақталып қалады». Табиғат пайдаланушыларға айыппұл жүйесі көп жағдайда қолайлы болады. Тек үстіміздегі жылдың басынан-ақ, оның мөлшері 3,5 млрд теңгеден асып кетті. Бірақ, бұл ақшалар бізге түспейді. Ауа тазаратын емес, бізді улауды жалғастыруда. Экология департаментіне келетін болсақ, олар тек компанияның өзі ғана мойындаған кезде, яғни, факті бойынша жұмыс жасайды. Ал, дәстүрге айналған түнгі заңсыз шығарылымдар тасада қалуда.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

2 қараша 2011, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.