Атырау, 29 желтоқсан 06:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Табиғат тағылықпен тапталуда

8 928 просмотра

Табиғатқа тағылық жасау Индербор поселкесінде де орын алып отыр. Поселкеде тазалықпен айналысатын бірден бір мекеме  «Индер Келбет» ЖШС   өткен жарты жылдықта 1296 тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды рұқсатсыз шығарған.

 

Серіктестік қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуы қажет еді. Осы серіктестікке қарасты полигонның аты бар да заты жоқ болып шықты. Полигон қоршалмаған, қоқыстар шашулы күйде жатты. Қоқыстардың мөлшерін анықтау, болмаса белгілер орнату жүзеге асырылмаған. Мұндай өрескел жай «ИндерКомСервис» ЖШС-нде де кездесуде.

- Осындай заң бұзушылыққа жол берген «Индер Келбет» ЖШС-сін әкімшілік жауапкершілікке тарту және қоршаған ортаға келтірілген 7 млн. 446 мың теңге залалды өндіру шараларын қабылдау туралы ұсыныс Жайық-Каспий экология Департаменті басшысына жіберілді. Бұдан басқа тұрмыстық қалдықтарды қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз орналастырып, қоршаған ортаға 22615912 теңге келтірген залалды мемлекет пайдасына өндіру жөнінде ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданып, қазіргі кезде іс қаралу үстінде, - дейді Индер ауданы прокуроры Асқар ӨТЕБАХОВ.

Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын 11 полигонның 2-нің ғана мемлекеттік актісі бар болып шықты. Тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салу, жер учаскелерін бөлу облыстық әкімдіктің құзырына беріл-генімен, кент әкімінің және аудандық әкімдіктің қаулысымен заңсыз берілгені анықталған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

12 қазан 2011, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.