Атырау, 23 желтоқсан 14:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

Оқиғалар тізбегі Атырауда

Оқиғалар тізбегі

«Мотоцикл» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 22 сәуірде сағат 23:40 шамасында Махамбет көшесіндегі №116 үйдің жанында патрульдік полиция қызметкерлері скутерді тоқтатты. Оның жүргізушісінің куәлігі жоқ екен. Ал 5 жылдан бері ҚР-да мопед пен скутерді тіркеу және жүргізуші куәлігінің болуы міндеттелді. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы») бойынша хаттама толтырылып, 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды. Скутер арнайы тұраққа қойылды. 28 сәуір 2021, 10:55 3 554 рет қаралды
Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма? Атырауда

Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма?

Сәтпаев даңғылындағы жаңа жерүсті өткелінің тым биік екендігі, ал арнайы лифтіні магнит кілттің көмегімен тек мүгедектер ғана пайдалана алатыны туралы «АЖ» жарияланымынан кейін Атырау әкімдігі лифтінің қажет болған жандардың бәрі үшін жұмыс істейтінін хабарлады. 28 сәуір 2021, 10:41 3 128 рет қаралды
Апатқа ұшыраған атыраулық «Титаниктің» 60 жылдығына орай «АЖ» не туралы жазды

Апатқа ұшыраған атыраулық «Титаниктің» 60 жылдығына орай

Бұл трагедия 1961 жылы 2 мамырда – тура 60 жыл бұрын болды. Сол кезде «Бүкіл еңбекшілердің ынтымақтастығы күніне» орай жолаушылар катерімен Жайық бойында серуендеу арқылы мерекені атап өтетін. Оның үстіне көктемнің нағыз ортасы болатын, 1 мамыр мерекесінен кейін адамдар көңіл көтеруді жалғастырмақ болған. Өкінішке орай, бұл ондаған адамды ажал құштырған қайғылы оқиғаға ұласты. 28 сәуір 2021, 03:19 6 105 рет қаралды
Каспий түбі қазылатын болды, мердігер де анықталды Атырауда

Каспий түбі қазылатын болды, мердігер де анықталды

NCOC компаниясы Каспий теңізінің түбінен кеме қатынасы каналын салғалы жатыр деген хабар тұрғындарды дүр сілкіндірді.  Дегенмен, мұны жаңалық деуге келмес - «Қашаған кен орны нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Теңіздегі кеме қатынасы каналдары» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар былтыр қыркүйектің соңында өткен еді. 28 сәуір 2021, 02:20 4 725 рет қаралды
"56 жасқа келген мені «Арнаулы автобаза» бірден жұмысқа алды" Атырауда

"56 жасқа келген мені «Арнаулы автобаза» бірден жұмысқа алды"

Жел ұшыра ма, әлде тазалық мәдениетінен жұрдайлардың ісі ме, Атыраудың көшелері қоқысқа толы. «АЖ» осыған қатысты «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас ИЗТЕЛЕУОВКЕ бірнеше сұрақ қойды. Сурет Бейнежазба 27 сәуір 2021, 13:06 4 125 рет қаралды
Cот хроникасы Оқиға

Cот хроникасы

Құрманғазы аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағы бойынша («Тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен балық аулау қағидаларын өрескел бұзу») әкімшілік істі қарады. Сот оның биыл наурыз айында Қиғашта тыйым салынған «экран» құралымен балық аулағанын анықтап, 40 838 теңге көлемінде айыппұл салды. Құрал тәркіленіп, жойылды. 27 сәуір 2021, 11:39 3 723 рет қаралды
Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай? Экономика

Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай?

Қазір Атырауда күнбағыс майының шекті бағасы литріне 686 теңге, 1-санаттағы он жұмыртқа 444 теңге болып белгіленді. Бұл туралы брифингте қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВ мәлімдеді. 27 сәуір 2021, 15:43 5 073 рет қаралды
Қызғалдақ көрсең - үзіп алма. Ол "Қызыл кітапқа" енгізілген болуы мүмкін Атырауда

Қызғалдақ көрсең - үзіп алма. Ол "Қызыл кітапқа" енгізілген болуы мүмкін

Жақында Қазақстан полициясының сайты Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген алты дана қызғалдақ үзіп алған ер адамның ұсталғанын және ҚР ҚК 339-бабы бойынша («Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу») оған 8 млн 751 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы, тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екенін хабарлады. Алты қызғалдақ үшін сонша жазалай ма?! – деп сұрайтын шығарсыз. "Иә, осындай", - деп растады Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясындағылар. Сурет 26 сәуір 2021, 17:42 5 647 рет қаралды