Атырау, 2 мамыр 10:14
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ауылдағылар қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүреді

646 просмотра

Ауыл халқының ішінде балалардың үлесі 38 пайыз болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде ауылда 7,8 млн адам тұрады, бұл көрсеткіш ел халқының 41 пайызын құрап отыр. Ауыл халқының ішінде балалардың үлесі 38 пайыз болса, ал қалғаны ересектер. Бала туу жасындағы әйелдер 1,7 млн асып отыр», - деді А. Ғиният ауылдағы денсаулық сақтау мәселесін талқалуға арналған Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым, оның ішінде 2 мыңнан астам медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1000-нан астам дәрігерлік амбулатория, 200-ден астам емхана және 203 аурухана медициналық көмек көрсетеді.

«Халықтың денсаулық көрсеткіштеріне жүргізілген талдауға тоқталсақ, ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарынан тұрақты жоғары екенін көрсетті», - деді министр.

Ведомство мәліметіне қарағанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 70,23 жас болса, қала бұл көрсеткіш 69,91 жас, ал ауылда 70,79 жас деңгейінде тіркелді.

10 қазан 2022, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.