
Ақтөбеде 26 жастағы қыз неке қию сарайының ғимаратында пышақ жарақатынан қаза тапты. Қылмыс жасады деген күдікке оның бұрынғы күйеуі ілінді, деп хабарлайды «Выход к правде» Telegram-арнасы.
Қайғылы оқиға күннің бірінші жартысында болған. Жақын маңда жүрген адамдар ғимарат ішінен шыққан айқай-шуды естіген. Оқиға санаулы минуттың ішінде болған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері зардап шеккен әйелді құтқарып үлгермеген — ол дәрігерлер келгенге дейін алған жарақаттарынан көз жұмған.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдайға аз уақыт қалғанда марқұм мен оның бұрынғы күйеуі арасында жанжал болған. Болжам бойынша, жанжалға балаларына өзі қарап жүрген қыздың жаңа сүйіктісінің пайда болуы себеп болған. Ол жаңа таңдаған азаматымен бірге неке қию сарайына келген.
Полиция қызметкерлері шабуыл жасады деген күдіктіні жедел анықтап, ұстады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер күдіктіні оқиға ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Неке қию сарайының өкілдері түсініктеме беруден бас тартты.
В Атырау +16.8