Атырау, 3 қараша 18:14
 дождьВ Атырау +16.8
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Атыраудағы Жеңіс саябағында балалар электромобилі келушіні қағып кетті

61 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Атырауда қала тұрғыны балаларымен серуендеп жүргенде өзі зардап шеккеннен кейін Жеңіс саябағындағы балалар электромобильдерін ақылы жалға берудің қауіпсіздігін тексеруді талап етті.

Оқиға 1 қараша күні сағат 15:30 шамасында болған. Ер адамның айтуынша, оны алдыңғы жағына металл кенгурятник орнатылған балалар электромобилі қағып кеткен.

«Соққының қатты болғаны сондай, мен тепе-теңдікті ұстай, электромобильде отырған балалардың үстіне құладым. Нәтижесінде сол жақ сирағымды соғып алдым. Қайта менің балаларым ол сәтте мемориалдық алаңға әлі көтеріліп үлгермеген еді. Менің орнымда кішкентай бала немесе қария болса, не болатынын елестетудің өзі қорқынышты», — деді атыраулық тұрғын.

Ер адамды тек қағып кеткені ғана емес, прокат қызметкерлерінің әрекеті де ашу туғызды. Оның айтуынша, оқиғадан кейін олардың ешқайсысы жанына келіп, көмек ұсынбаған, тіпті кешірім де сұрамаған.

Атыраулық тұрғынның айтуынша, балалар электромобильдерді ересектердің қарауынсыз басқарады, жаяу жүргіншілердің арасында жүреді және Мәңгілік алауы бар мемориалдық алаңға да кіреді.

«Жеңіс саябағы — бұл ең алдымен бабаларымыздың ерлігіне тағзым ету және еске алу орны. Бұнда отбасылар балаларымен, егде жастағы адамдар келеді. Неге балалар машиналары жаяу жүргіншілер жолында бақылаусыз жүреді және тіпті Мәңгілік алауға дейін кіріп кетеді? Бұл жерде коммерциялық прокатты ұйымдастыруға кім рұқсат берді және келушілердің қауіпсіздігіне кім жауап береді?» — деп сұрайды ер адам.

Ол қалалық әкімдік пен полициядан саябақта ақылы прокаттың қандай негізде ұйымдастырылғанын, электромобильдердің қозғалысын кім бақылайтынын және оларға орнатылған металл конструкциялардың қаншалықты қауіпсіз екенін тексеруді сұрайды.

Атыраулық тұрғын прокаттық машиналар үшін жаяу жүргіншілер арасындағы қозғалысты және мемориалдық алаңға кіруді шектей отырып, бөлек аумақ бөлу қажет деп есептейді.

Әкімдік пен полиция тарапынан болған оқиғаға қатысты ресми баға әлі берілген жоқ. Сонымен бірге тұрғынның шағымы тағы бір мәселені көтереді: ақылы прокатқа берілген балалар электромобилі оқиғаға себеп болса, келушілердің жарақатына кім жауап беруі тиіс?

Абзал ҚАЙРАТҰЛЫ

Бүгін, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.