Атырау, 18 сәуір 19:08
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Маңғыстауда мұнай қалдықтарын төккен компанияға 56 млн теңге айыппұл салынды

Бейнежазба
1 015 просмотра

Ауыл іргесіне мұнай қалдығын төккен компанияға 56 млн теңге айыппұл төлейді. Маңғыстау облысындағы Жетібай тұрғындары көтерген мәселе бұған дейін эфирден көрсетілген еді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олардың айтуынша, өндірістен шыққан қалдықтар елді мекенге жақын аумаққа тасталады. Онымен қоймай, жаз бойы өртейді. Енді Экология департаменті табиғатқа залал келтірген тағы бірнеше серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тартып отыр. 

Ауыл іргесінде мұнай қалдықтары тасталған жер көп. Кезінде бұл аумақта бірнеше мекеме болған. Жер телімінің иесі бірнеше рет ауысып, ақырында 10 мың тоннадай қалдық төгілген орынға айналған. Енді зардабын жергілікті халық көріп отыр.

Ағзам Жұмсақов, ауыл тұрғыны:

– Ұйқыдан тұрмай қалатын адам жетіп артылады. Қан қысымы дейді де, арулап шығарып саламыз. Негізінде бәрі экологиядан. Әкеліп, осы жерге төгеді. Білгенін істейді.

Экология департаменті Қарақия ауданы тұрғындарының арызы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Топырақтан сынама алып, мұнай төгілуінен қоршаған ортаға зақым келгенін растады. Жеке компания заңның 4-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. 

Мақсат Айсин, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары: 

– Жетібай ауылы тұрғындарының шағымына сәйкес прокуратура органымен бірлескен тексеру жасалды. Бұл жұмыстар Экология министрінің бақылауында болды. Нәтижесінде, қолданыстағы заң талаптарын өрескел бұзған «Void» серіктестігі 56 млн 359 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Жыл басынан бері уәкілетті орган қызметкерлері өндірістік кәсіпорындарға қатысты 48 рет тексеру ашқан. Соның 21-і жоспардан тыс жүргізілді. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 242 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта 109 млны өндірілген. 

Талғат Исламұлы, тілші:

– Табиғатқа залал келтірген компанияның бірі – «Емір Ойл». Қалдықтарды рұқсатсыз тастағаны үшін 57 млн теңге айыппұл арқалады. Ал Каспий теңізі мен Қаракөлге сарқынды су төккен Rixos қонақүйінің иелері 75 млн теңге төлеуге міндеттелді. Ауада күйік иісін байқаған тұрғындар шағымы да ескерусіз қалған жоқ. Полигонда қоқыс өртеген коммуналдық мекемеге 490 мың теңге айыппұл салынды.

7 қазан 2022, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.