Өңіріміздің құқық қорғау жүйесінде біраз өзгеріс болды: Мақат аудандық полиция бөлімінің бастығы болып бізге белгілі Әлішер НҰРШАЕВ тағайындалды. Аян Дүйсембаев ІІД бастығы болып тұрғанда ол Атырау қалалық ішкі істер басқармасын басқарған.
Нұршаев 1981 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Алматыдағы ҚР ІІМ академиясын бітірген, ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған. Тергеуші болған, кейін Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болған, қазіргі тағайындауға дейін көліктегі полиция департаментінде қызмет атқарған.
Сәйгүлік мінген Аян Дүйсембаевтың атышулы хикаясынан кейін Нұршаев та көп ұзамай Атыраудың бас полицейі қызметінен кетіп, енді әзірге аудандық деңгейде қайта оралып жатыр. Ал бұл қызметтің бұрынғы басшысы Амангелді ІЗМАҒАМБЕТОВ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ол бұған дейін түрлі қызметтерде, соның ішінде криминалдық полицияда да жұмыс істеген, полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінің бірі.
Фархат АБИЛОВ
Мақат АПБ жолдаған сурет