Атырау, 11 желтоқсан 09:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қаңтардағы митинг бойынша сот: сотталушылардың бірі үйқамақтан тергеу изоляторына ауыстырылды

1 758 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтар оқиғасына қатысушыларға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотқа кейбір сотталушылардың келмеуіне байланысты, отырыс екі рет кейінге қалдырылды. Бұл жолы себепсіз сотқа келмегені үшін сотталушының бірі қамауға алынды.

Қазіргі отырысқа баптың ҚР Қылмыстық кодексiнің 272-бабының 2 бөлігі («Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу») бойынша айыпталған үйқамақтағы Асыланбек ҚОЯНБАЕВ себепсіз келмей қалды. Ол сот отырысының хатшысы мен адвокаттың қоңырауларына жауап бермеді.

Сот отырысына жәбірленуші тараптар, яғни Атырау облыстық әкімдігі, Полиция департаменті мен әскери бөлімнің өкілдері қатысты. Сот залының кішкентай болуына байланысты, басқа жаққа шықпау жөніндегі қолхатпен жүрген немесе үйқамаққа алынған кейбір сотталушы «аквариум» ішіне отырды. Бұл адвокаттардың қарсылығын тудырып, сот отырысын басқа кеңірек залда өткізуді сұрады. Бұған судья Зарема ХАМИДУЛЛИНА басқа зал жоқ екенін айтты.

Қоянбаев келмеген соң сот отырысты түстен кейін өткізуді ұйғарды. Ал бұл уақытта оны іздеуді жалғастырды. Адвокат Лариса ҚАЙРАЛАПОВАНЫҢ айтуынша, ол қант диабетіне шағымданып, қан қысымы көтеріліп, ауруханаға барған. Алайда судья сотталушының облыстық аурухана дәрігерлері қараған анықтаманы оқыды. Анықтамаға сәйкес, оның сау, бірақ үш күннен бері ішімдік ішіп жүргені белгілі болды.

- Cотталушы басты сот талқылауының өтуіне кедергі жасады. Осыған дейін оған қолданылған үйқамақта ұстау тәртібін бірнеше рет бұзған. Сотталушыны күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылсын, - деді судья. 

Фархат АБИЛОВ

7 қазан 2022, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.