Атырау, 29 қараша 06:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Дер кезінде тексеріл

1 607 просмотра

15 қазан – Дүниежүзілік сүт безі обырымен күрес күніне орай Атырау облыстық онкология диспансерінде «Ашық есік» күні өтеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тегін қабылдауды дәрігер-маммологтар жүргізіп, нұсқауға сәйкес УДЗ немесе маммографиялық тексеруден өткізеді.
- Сүт безі қатерлі ісігінің алдын-алудың ең дұрыс және сенімді әдісі – дер кезінде тексеріліп, профилактикалық медициналық тексерулерден өту. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасы «Ашық есік» күні қабылдауға келіп, өз саулығыңызды күтуге шақырады, - деді облыстық онкология диспансерінің басшысы Эльмира САПАРОВА.  

Оның айтуынша, сүт безі қатерлі ісігін емдеудің оң нәтижесінде оның ерте анықталған диагнозы үлкен рөл атқарады. Басталған ауруды дер кезінде емдеу науқастардың 98,1 пайызының сауығуына ықпал етеді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қазан 2022, 03:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.