Бейбітшілік саласындағы 2022 жылғы Нобель сыйлығы белорус құқық қорғаушы Алес Беляцкийге, Ресейдің "Мемориал" құқық қорғау ұйымына және Украинаның "Азаматтық еркіндік орталығы" құқық қорғау ұйымына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Швеция академиясының Нобель комитеті Twitter-де хабарлады.
Бейбітшілік сыйлығы Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, "үлкен жетістікке жеткен немесе халықтарды біріктіруде және армиялар санын азайтуда, сондай-ақ бейбітшілік конгрестерін өткізуде және оларға назар аударуда басқаларға қарағанда көбірек қызмет еткен адамға" беріледі.
BREAKING NEWS:
The Norwegian Nobel Committee has decided to award the 2022 #NobelPeacePrize to human rights advocate Ales Bialiatski from Belarus, the Russian human rights organisation Memorial and the Ukrainian human rights organisation Center for Civil Liberties. #NobelPrize pic.twitter.com/9YBdkJpDLU
— The Nobel Prize (@NobelPrize) October 7, 2022
Биыл лауреат өзінің жеке бейнесі бар медаль, диплом және 10 миллион швед кроны көлемінде ақшалай сыйақы алады.
2022 жылы бейбітшілік сыйлығына 251 жеке тұлға мен 92 ұйым өтініш берген, жалпы саны 343 үміткер. Рекорд 2016 жылы 376 үміткер болған кезде тіркелген еді. Биылғы көрсеткіш екінші орында тұр.