Атырау, 5 желтоқсан 08:06
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Айыппұлдан бөлек, таза ауа да керек

1 729 рет қаралды

Атырауда жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзған 177 факт анықталып, 252 млн теңге сомасында айыппұл өндірілді. Бұл туралы Атырау облысы Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым ТІЛЕГЕНОВ мәлім етті.

- 92 тексеру нәтижесі бойынша 40 нұсқама берілсе, оның 26-сы орындалды. Жалпы сомасы 252 млн 277 мың 890 теңгеге 118 әкімшілік айыппұл өз еркімен өндірілді, - деді С.Тілегенов.

Тексерулер жаңартылған ҚР Экология кодексі және экожүйені жақсарту жөніндегі «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жоба шеңберінде жүргізілуде.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қазан 2022, 03:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.