Атырау, 22 желтоқсан 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мемлекетке опасыздық және тыңшылық жасаған лауазымды тұлғалар сотталды

1 188 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияны жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық жасау фактілері бойынша сот үкімі шыққанын хабарладығ деп мәлімдейді Sputnik.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары М. Шайхутдиновты мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Бұдан бөлек, осы қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (Қылмыстық кодекстің 176-бабы – тыңшылық жасау) кінәсі толық дәлелденді. Біреуі 11 жыл 3 айға, ал екіншісі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
7 қазан 2022, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.