Атырау, 29 қараша 06:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Бұғатталған шоттар енді екі күнде емес, екі минутта ашылады​

1 414 просмотра

Бұл туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан КӨШЕРОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлеуметтік төлемдер енді онлайн режимде 1-2 минут ішінде түседі. Берешек болса және салық төлеушінің банктік шотына тыйым салынса, енді онлайн төлем түскеннен кейін келесі күні банктік шот ашылады. Бұрын мұндай жағдайда шот ашу  үшін 2-3 күн уақыт кететін.

- Бюджеттен тыс төлемдер туралы мәліметтерді, айталық міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және жарналарының түсімдерін алу уақытын қысқарту мақсатында халыққа ыңғайлы жағдай жасалып отыр. Яғни "Халық банкі" АҚ және "Каспий банк" АҚ-мен "Электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы жүргізілген бюджеттен тыс төлемдер туралы ақпаратты онлайн беру қызметі енгізілді. Алдағы уақытта мұндай қаржылық операцияларға басқа да екінші деңгейлі банктер қосылады, - деді Н.Көшеров.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қазан 2022, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.