Атырау мектептерінің біріндегі төртінші сынып оқушысының анасы ұлының телефонынан «Ертең бір күндік келеді, жаңа тауар, 4 мың әкелесің» деген хабарлама тауып алады. Оны сол мектепте оқитын 9 сынып оқушысы жіберген. Полиция тексеруді бастап, көптеген «қызық» жайтты анықтады.
Ата-ананың қатысуымен сол мектептің 4 сынып оқушыларынан жауап алынды, бейнекамералар тексерілді. Нәтижесінде сол мектептің бірнеше 9 сынып оқушысы дүкеннен энергетик қоспасы бар ұнтақ сатып алып пайдаланғаны, сонымен қатар 4 сынып оқушыларына мәжбүрлеп ұсынып, сол үшін ақша талап еткені анықталды. Атырау облысы Полиция департаменті хабарлағандай, ата-аналардың сұрауы бойынша энергетикалық ұнтақты сараптамаға жіберу мәселесі қарастырылуда. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облыстық Полиция департаменті жолдаған сурет