Атырау, 23 желтоқсан 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Зүлфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

709 рет қаралды

Зүлфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні ырқына көндірді. Ол әуелі жұлқа көтеруде 95 килоны еңсеріп күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.

Ауыр атлетикадан 2022 жылғы Азия чемпионаты 8-16 қазан аралығында Манамада өтеді. Құрлықтық турнирге 29 елден 186 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады.

10 қазан 2022, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.