Атырау, 18 маусым 13:36
 дождьВ Атырау +28.6
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Бельгияда жарылысқа қатысты алты адам ұсталды Әлемде

Бельгияда жарылысқа қатысты алты адам ұсталды

Бельгия полициясы Брюссельдегі әуежай мен метрода болған жарылыстарды тергеу аясында алты адамды ұстады. Құқық қорғау органы өкілінің хабарлауынша, күдіктілер қаланың Скарбек және Жетте аудандарында және қала орталығында болған рейд кезінде "федералдық прокуратура есігі алдында" ұсталды. Ұсталғандарға айып тағу мәселесі бүгін шешіледі. 25 наурыз 2016, 11:15 2 380 рет қаралды
ИМ Еуропада теракті жасау үшін 600-ге дейін жауынгер дайындаған – БАҚ Әлемде

ИМ Еуропада теракті жасау үшін 600-ге дейін жауынгер дайындаған – БАҚ

Алматы. 24 наурыз. ҚазТАГ – «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Еуропада бұған дейін Бельгия мен Францияда орын алғандай теракті жасау үшін кем дегенде 400-ден 600-ге дейін жауынгер дайындады, деп хабарлады ТАСС Associated Press (AP) ақпараттар агенттігіне жасаған сілтемесінде. 24 наурыз 2016, 13:17 1 762 рет қаралды
БАҚ: ИМ Еуропада жаңа шабуылдар жасауы мүмкін Әлемде

БАҚ: ИМ Еуропада жаңа шабуылдар жасауы мүмкін

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Еуропада террорлық шабуылдар жасауға кем дегенде 400 содыр дайындап отыр деп хабарлады Еуропа елдері мен Ирактың арнайы қызметтеріндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі. 24 наурыз 2016, 11:50 1 840 рет қаралды
Брюссельдегі жарылыс: Жараланғандар саны 300-ге жетті, оның 61-і ауыр жағдайда Әлемде

Брюссельдегі жарылыс: Жараланғандар саны 300-ге жетті, оның 61-і ауыр жағдайда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельдегі лаңкестік салдарынан 31 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жараланған. Оның 150-і ауруханада жатыр, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі Бельгия Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып. 24 наурыз 2016, 11:20 2 712 рет қаралды
Дубайда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы ұсталды Әлемде

Дубайда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы ұсталды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Интерполдың Қырғызстандағы Ұлттық орталық бюросының баспасөз қызметінен келіп түскен мәліметтер бойынша, Дубайда (БАӘ) Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы - халықаралық іздеуде болған Әділ Тойғонбаев ұсталды. 23 наурыз 2016, 16:11 2 065 рет қаралды
Кремль: Савченконы беруді тек Путин шешеді Әлемде

Кремль: Савченконы беруді тек Путин шешеді

Hадежда Савченконы Украинаға беру немесе айырбастау туралы шешімді тек Ресей президенті Владимир Путин ғана қабылдайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеген. Оның сөзінше, украиналық әскери қызметкерді айырбастау мәселесінде Ресей «ұлттық заңнамадан еш ауытқымай» әрекет ететін болады. 23 наурыз 2016, 13:02 1 872 рет қаралды
Брюссельдегі жарылыс: Содырлар мінген такси жүргізушісі тағы екі бомбаны табуға көмектесті Әлемде

Брюссельдегі жарылыс: Содырлар мінген такси жүргізушісі тағы екі бомбаны табуға көмектесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция лаңкестерді әуежайға жеткізіп салған такси жүргізушісі берген ақпараттың арқасында Брюссель әуежайы мен Брюссельдің Скарбек коммунасындағы пәтерден жарылғыш затты анықтай алды, деп хабарлайды Derniere Heure басылымы. 23 наурыз 2016, 11:55 1 442 рет қаралды
France-Presse: Брюссельде 21 адам қаза тапты Әлемде

France-Presse: Брюссельде 21 адам қаза тапты

Брюссель әуежайындағы жарылыстан 11 адам, Маальбэк метро станциясы маңындағы жарылыстан 10 адам қаза тапты деп хабарлады қалалық өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасаған France-Presse агентігі. 35 адам ауыр жараланған. Сурет 22 наурыз 2016, 16:53 1 547 рет қаралды
Швейцария FIFA экс-бас хатшысы үстінен іс қозғады Әлемде

Швейцария FIFA экс-бас хатшысы үстінен іс қозғады

Швейцария билігі Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) бұрынғы бас хатшысы, француз Жером Валькенің үстінен қылмыстық іс қозғады. Швейцария бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Вальке "түрлі қаржылық қитұрқылықтар жасады" деген күдікке ілінген. 18 наурыз 2016, 10:44 2 312 рет қаралды
Путин: Ресей Сирияға бірер сағатта әскер түсіре алады Әлемде

Путин: Ресей Сирияға бірер сағатта әскер түсіре алады

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей қажет болған жағдайда Сирияға бірнеше сағат ішінде әскер түсіре алады. Путин үш күн бұрын Сириядан Ресей әскері мен әскери техникасының көбін шығаруға бұйрық берген. Оның мәлімдеуінше, Кремль "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) және басқа да экстремистік ұйымдармен күресін жалғастыру үшін аймақта жеткілікті әскер ұстайды. 18 наурыз 2016, 10:18 2 784 рет қаралды
Норвегияда Брейвиктің шағымы қаралып жатыр Әлемде

Норвегияда Брейвиктің шағымы қаралып жатыр

Hорвегияда ондаған адамды өлтірген Андерс Беринг Брейвиктің үкіметке шағымы бойынша сот отырысы басталды. Сот басталғанда ол нацистік стильде қолын жоғары көтеріп амандасты. Брейвиктің адвокаттары сотта оған қамауда дұрыс қарамады деп мәлімдеді. 16 наурыз 2016, 10:58 1 595 рет қаралды
Қ.Тоқаев: Кремльдің Сириядан әскерді шығару туралы шешімі елдердің бітімге келуіне сеп болады Әлемде

Қ.Тоқаев: Кремльдің Сириядан әскерді шығару туралы шешімі елдердің бітімге келуіне сеп болады

Ресей президенті Владимир Путин Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға 15 наурыз, яғни бүгіннен бастап Сириядан ресейлік әскердің негізгі бөлігін шығаруды бұйырды. Бұған қоса ел президенті сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Сириядағы қақтығысты реттеу процесіне Ресейдің қатысуын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды ТАСС. 15 наурыз 2016, 10:54 2 225 рет қаралды
Анкарадағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды Әлемде

Анкарадағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды

Анкарадағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Ахмет Давутоглу мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, 13 наурызда Түркия астанасында жойқын жарылыс болып, 37 адам қаза тапты. 15 наурыз 2016, 10:42 2 459 рет қаралды
ЕО Ресейге қатысты "бес ұстанымын" мақұлдады Әлемде

ЕО Ресейге қатысты "бес ұстанымын" мақұлдады

Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері одақтың Ресейге қатысты саясаттың "бес негізгі ұстанымын" мақұлдады. Министрлер кездесуінен соң ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини бірінші ұстаным - Ресей Минскіде қол қойылған Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді толық құрметтеп, іске асыруы тиіс екенін айтты. 15 наурыз 2016, 10:24 1 652 рет қаралды
Сириядан Ресей әскерінің көбі шығарылмақ Әлемде

Сириядан Ресей әскерінің көбі шығарылмақ

Pесей президенті Владимир Путин Сириядан әскерінің көбін шығаруға бұйрық берді. 14 наурызда қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде Путин әскерилер алдарына қойылған тапсырманы толық орындағанын мәлімдеді. 15 наурыз 2016, 10:20 1 917 рет қаралды